Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 700 бала қайырымдылық қойылымын тамашалады

2 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 700 бала қайырымдылық қойылымын тамашалады
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Алматы мемлекеттік циркіне 55 жыл толды. Осыған байланысты цирк қызметкерлері Талдықорғанда қайырымдылық қойылымын көрсетті.

Мамандардың мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бұл шараға аймақтағы әлеуметтік осал топ санатындағы 700 бала цирк өнерпаздары ұсынған ғажайып қойылымды тегін тамашалаған. Олар негізінен аймақтағы көпбалалы отбасынан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар және әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері.

Шара барысында сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков жасөспірімдерге  мерекелік қуаныш сыйлаған Алматы мемлекеттік циркін 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс білдірді. Сондай-ақ, өнер ұжымының басшысына қала әкімінің ізгі тілегін жеткізіп, арнайы Алғыс хатын табыстады.

Ойынды тамашалаушылардың мерекелік көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға алғыстан басқа айтарлары жоқ. Цирктегі жарқын әсерге толы қойылым балалар үшін шынайы мерекеге айналып, көпшілікке шаттық пен күлкіге толы сәттер сыйлады. Ондағы жануарлармен өнер көрсеткен арнаулы әртістер, акробаттар мен клоундардың шеберлігі көрермендерді ерекше тәнті етті.

Еске сала кетсек, 970 жылы құрылған Алматы циркі қазақ халқының көшпелі тұрмысындағы  жаугершілік, батылдық, ептілік, асау арғымақтарды бағындырып, ат құлағында ойнау сынды қызықты ойындарымен әйгілі. Ондағы өнерпаздар қатары Мәскеу эстрадалық-цирк училищесін, Саратов және Алматы эстрадалық-цирк студияларының түлектері мен дарынды цирк әртістері толықтырған. Бұл ұжым алғаш рет 1970 жылы 24 маусымда Самарада өнер көрсетіп, бірден бүкілодақтық даңққа ие болған. Аталған уақыт қазақ ұлттық цирк өнерінің туған күні деп танылып тарихта қалған. Ал, 1972 жылы Алматы циркі ерекше архитектурамен салынған «Сиқырлы киіз үй» ғимаратына көшкен. Ғимараттың бірегей сәулеті ерекшелігімен көз тартады және қала пейзажымен де үйлеседі. Циркте қызықты бағдарламалардан бөлек, халықаралық фестивальдар үнемі ұйымдастырылып, шетелдік әртістердік гастрольдік сапарлары өтеді. Циркке 4 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

                                                                       Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.