Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда әмбебап жаңа базар ашылды

24 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда әмбебап жаңа базар ашылды

Талдықорған қаласының әкімдігі

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығында 185 орынға арналған жаңа әлеуметтік-әмбебап базар ашылды. Жобаның жүзеге асуына Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Жетісу» ӘКК бірлесіп қолдау көрсеткен.

Мамандардың мәліметінше, заман талабына сай салынған бұл әмбебап базар шаһардағы Гаухар Ана және Абай көшелерінің қиылысында орналасқан. Ондағы жабық павильоннан өнеркәсіп тауарлары мен азық-түлік өнімдерін сатуға арналған 54 сауда нүктесі бар. Бұдан бөлек, павильон аумағында 75 бутик ашылып, ол жерде қоғамдық тамақтану орындары, тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары мен сұлулық салондары жұмыс жасамақ. Енді өңірдегі Ескелді, Қаратал, Көксу аудандарынан және Текелі қаласынан келетін тамақ өнімдерін тасымалдайтын жүк көліктері осы базарға келіп тұрақтайтын болады.

Жауаптылардың сөзінше, жаңадан салынған базар тұрғындарға қолайлы болуы үшін ол жерге қаладағы №27 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.  Сонымен бірге, аталған базар аумағынан қала орталығындағы рұқсатсыз сауда нүктелерін жою мақсатында арнайы 56 орын бөлінген. Бұл ұзақ жылдар бойы шаһардағы шешімін таппай келген жабайы сауда мәселесін реттеуге бағытталған.

Қала тұрғындарының айтуынша, Талдықорған қаласына облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бері еш жөндеу көрмеген орталық базар аумағы ұзақ жылдар бойы жабайы сауда алаңына айналып келген. Тіпті, ондағы жолдың екі жағасына тізілген түрлі жеміс-жидектер мен басқа да тауарлардан аяқ алып жүргісіз болатын. Саудагерлер жаяу жүргіншілер жүретін жолды да иеленіп алған. Оның үстіне, жол шетіне иін тірестіре қойылған сатушылардың және такси жүргізушілерінің көліктерінен жұрттың базарға кіріп-шығуы мұң болатын. Биыл бұл келеңсіздіктерді жою үшін базар аумағы тегіс абаттандырылып, ретке келтірілді. Енді аталған аумақта еш жөндеу көрмеген Дайыров көшесі ғана қалыс қалып келеді. Ал жаңадан ашылған әлеуметтік бұл базар кең әрі жарық, сауда сатушылар үшін де, сауда алушылар үшін де өте қолайлы жабдықталған.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.