Талдықорған: -1°C
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

08.11.2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі заман – технология мен мүмкіндіктер ғасыры. Әлем күн сайын өзгеріп, жаңа бағыттар мен кәсіптер пайда болуда. Осындай кезеңде әйелдердің қоғамдағы, бизнестегі және технология саласындағы рөлі бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

Осыған байланысты Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Respublica» партиясының Жетісу облыстық филиалы мен ReWomen қауымдастығының ұйымдастыруымен, серіктестер мен бизнес-тәлімгерлердің қолдауымен «Әйел. Кәсіп. Болашақ» атты әйелдер форумы өтіп, жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи қыз-келіншектердің рөлі айқындалды.

Жалпы, бұл іс-шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған цифрландыру, бизнесті қолдау және саяси жүйені жаңғырту бағыттарын өңірлік деңгейде ілгерілету, сондай-ақ әйел кәсіпкерлер арасындағы серіктестік пен тәжірибе алмасуды дамыту болды.

Форумға елдегі көшбасшы әйелдер мен өңірдің белсенді және іскер кәсіпкерлері, сондай-ақ облыстың барлық ауданынан келген кәсіпкер әйелдер қатысты. Онда Президент Жолдауында айтылған негізгі бастамалар талқыланып, оларды өз жобалары мен қауымдастықтарды дамытуға бағыттау мақсатында нақты іс-шараларға айналдыру жолдары қарастырылды. Сонымен бірге бизнестегі әйелдердің рөлі, инновациялар және жасанды интеллект жайлы тақырыптар қозғалды. Форум аясында алдағы жылғы салық саясаты, соның ішінде кәсіпкерлер осы бастан нені білуі қажет екені түсіндірілді.

Бұған қоса, жаңа жұмыс орындарын ашып, өзгелерге үлгі болып жүрген кәсіпкерлердің табысты істері сөз етіліп, «Бизнес мүддесін қорғау және жаңа идеяларды қолдау» тақырыбында Мәжіліс депутаттары мен «Respublica» партиясы өкілдері ашық диалог өткізді.

Шараға жиналғандар сондай-ақ аймақтың түкпір-түкпірінен келген кәсіпкер қыз-келіншектердің өнімдері қойылған көрмені тамашалады. Онда әсіресе қолөнер бұйымдары мен тігін істері көпшілікті өзіне қаратып, таң-тамаша етті. Көпшілік өздеріне ұнаған заттарын сатып алып, көңіл-күйлерін көтерді. Форум барысында шығармашылық нөмірлер ұсынылып, мерекелік шабыт сыйлады.

Алғашқы «Respublica – болашақ үшін бірге» атты сессияда ҚР Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, «Respublica» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Әлібек Ашметов және ReWomen.kz жобасының негізін қалаушы, партияның әйелдер кәсіпкерлігі жөніндегі кеңесшісі Айдана Тоғызбаева сөз сөйледі.

Олар бүгінде әйелдердің бизнес саласында өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналып отырғанын, әйел көшбасшылығы ел экономикасын нығайтып, қоғамның жауапкершілігін арттыратынын, партияның әйелдер кәсіпкерлігі мен цифрлық сауаттылықты дамыту бастамаларын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ «Қазақстанның болашағы – әйелдердің экономикалық және қоғамдық өмірге белсенді қатысуында» екенін, технология адамды алмастырмай, керісінше, әйелдердің дамуы мен инновация мен көшбасшылыққа жол ашатынын әңгіме өзегіне айналдырды.

Келесі «Цифрлық дәуірдегі әйел көшбасшылығы» атты сессияда QazGranit гранит зауытының негізін қалаушы Шолпан Әбдіқалықова мен жасанды интеллект жөніндегі спикер Айжан Адамбекқызы өз ойларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл форум қонақтарын құттықтап, ізгі тілегін жеткізді:

– Қаламыздағы кәсіпкерлік саланы дамыту, жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, сондай-ақ осы істегі әйел қауымының рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумда сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Әйелдердің ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосатынын бәріміз білеміз. Бүгінде іскер әйелдер өз отбасыларының тірегі ғана емес, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды қозғаушысы. Кәсіпкерлікті өркендетіп, жаңа жұмыс орындарын құру, инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу – осы бағыттардың бәрінде сіздердің үлесіңіз ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «кәсіпкерлер елдің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс». Қазіргі дәуір – жасанды интеллект дәуірі. Осыған байланысты білімі, шығармашылық ойлауы және батыл шешім қабылдау қабілеті бар кәсіпкерлердің рөлі арта түседі, – деді қала басшысы.

Әкім сондай-ақ қалада мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қайтарымсыз грант алып, кәсіпкерлікті қолға алған азаматтардың саны жыл сайын артып жатқанын, биылдың өзінде 30 тұрғын қайтарымсыз грант иегері атанып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алғанын айтты. Сонымен бірге қалада жұмыс істеп тұрған 19 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінде 37 мыңға жуық адам еңбек етіп, бұл көрсеткіштер тек қала экономикасының ғана емес, әлеуметтік саланың да даму нәтижесі екенін атап өтті.

Бұдан соң «Біздің Премия – 2025» марапаты ұсынылып, өз еңбегі және табандылығымен ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер жеңімпаз атанды. Мәселен, Руфат Калимулин – «Үздік кәсіпкер – 2025», «Innoverse Taldykorgan» мектебі – «Білім саласындағы үздік бизнес – 2025», Olivia кофейнясы – «Үздік кофейня – 2025», «Нұр Авиценум» медициналық орталығы – «Денсаулық саласындағы үздік бизнес – 2025», Жазиля Темірбекова – «Үздік бизнес-women», «Тандор-Хива» – «Үздік отбасылық бизнес – 2025», «Матаев» ШҚ – «Үздік агробизнес – 2025», Көксу ауданындағы «Айгерім» дүкені – «Сауда саласындағы үздік бизнес – 2025», Future IT робототехника мектебі – «IT саласындағы үздік бизнес – 2025», «Дәмін-ай» – «Үздік кондитерлік – 2025», «Обжорка» авторлық кухнясы – «Қызмет көрсету саласындағы үздік бизнес – 2025», Асқар Рахым – «Үздік жас кәсіпкер – 2025» номинациялары бойынша марапатталып, қуанышқа кенелді.

Соңында ҚР Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова жеңімпаздарды құттықтап:
– Сіздердің әрқайсыңыз – табандылық, жауапкершілік және шабыттың үлгісісіздер. Сіздер басқа әйелдерге мотивация бересіздер, – деді.

Өз кезегінде номинанттар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, бұл форумды жаңа дәуірдің бастауы деп атап өтті:

– Бұл іс-шара тек пікір алмасу алаңы ғана емес, жасанды интеллект пен адамдық құндылықтар үндескен әйелдер кәсіпкерлігінің жаңа кезеңі, – деді қатысушылар.

Форум соңында қатысушылар мен жеңімпаздарға зор табыс пен жаңа жетістіктер тіленді.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

12.12.2025
«Қолма-қолсыз» төлемдер жалпы операциялар саны мен карталарды шетелде пайдалану көрсеткіші бойынша бірден екі рекордты жаңартты.

«Қолма-қолсыз» төлемдер жалпы операциялар саны мен карталарды шетелде пайдалану көрсеткіші бойынша бірден екі рекордты жаңартты.

12.12.2025
Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

12.12.2025
Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

12.12.2025
Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

12.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.