Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты

7 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты
WhatsAppTelegramFacebook

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 18404 әскери бөлімнің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Іс-шара 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы аумағында өткізіліп, оған Талдықорған қаласындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Ашық есік күні барысында оқушылар десантшы сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Әскери қызметшілер қонақтарға жатын орындарын, тұрмыстық жағдайларын көрсетіп, әскери өмірдің қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, сарбаздардың киім үлгілері таныстырылып, парашюттік секірістің дайындығықалай өтетіні іс жүзінде көрсетілді.

Іс-шара аясында оқушылар әскери асханамен танысып, сарбаздардың тамақтану тәртібін көрді. Сондай-ақ, қару-жарақ түрлері көрсетіліп, атыс дайындығы мен тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл көріністер жасөспірімдердің ерекше қызығушылығын тудырып, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әскери мамандардан нақты жауап алды.

Шараның негізгі мақсаты – жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мақсат өз деңгейінде жүзеге асқан. Себебі, қатысушы оқушылардың жүзінен Отанға деген мақтаныш пен жалынды жігер анық байқалды.

– Осындай ашық есік күндері жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында патриоттық рухты нығайтады. Біз болашақта Отанын сүйетін, елін қорғай алатын жастардың көп боларына сенімдіміз. Мұндай шаралар өз нәтижесін беріп келеді, – дейді 18404 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушыкапитан Владислав Гасс.

Қорыта айтқанда, ашық есік күні жасөспірімдер үшін танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды. Мұндай бастамалар ел болашағы – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.


Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.