Талдықорған: +27°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

19.07.2026
КҮНДЕРЕК
Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

naqtygazeti.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Әр халықтың өткені – оның бүгінгі болмысының айнасы. Ұлттың тарихын жасаған тұлғалар ұрпақ жадында сақталған сайын елдің рухы да асқақтай түседі. Жетісу аймағының тарихында сондай дүбір туғызған Жалайыр Андас аталығынан тараған Тәттібай батыр, Қарымбай би және Назар би сынды тұлғалар ұрпақ жадында жаңғыруы тиіс. Олардың ерлігі, елдігі, даналығы мен әділдігі ғасырлар бойы халық аузындағы аңызға айналды.

XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығы қазақ даласына зор қауіп төндірген шақта Тәттібай батыр ел қорғаған ерлердің алдыңғы сапынан көрінді. Небәрі 19 жасында жаудың бекінісін бұзып, қазақ қолының жеңіске жетуіне жол ашқан жас батырдың ерлігі ел жадында мәңгі қалды. Қазіргі Талдықорған мен Текелі өңірі жау қолында тұрған кезде жасырын барлау жасап, дұшпанның күші мен қару-жарағы жөнінде Ескелді биге дер кезінде хабар жеткізеді. Соның нәтижесінде қазақ сарбаздары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалмақ қолын ойсырата жеңеді. Бұл шайқаста Тәттібай батыр мергендігімен де, селт етпес қайсарлығымен де ерекшеленді.

Батырдың ерлігімен қатар оның бойындағы асыл қасиеттері ұрпағына мирас болды. Тәттібайдың ұлы Қарымбай би ел басқарған, жұртқа әділ төрелігімен танылған тұлға еді. Ол тек би ғана емес, елдің бірлігі мен тыныштығын ойлаған көреген қайраткер болды. Бүгінде Балпық кентіндегі Қарымбай бидің есімі берілген көше мен Үштөбедегі кесенесі – халықтың оған деген құрметінің айқын белгісі.

Қарымбай бидің ұлы Назар би өз дәуіріндегі аса беделді билердің бірі болды. Ол небәрі 18 жасында би атанып, кейін Жалайыр елінің бас биі дәрежесіне көтерілді. Ел ішіндегі даулы мәселелерді әділ шешіп, көрегендігімен ерекшеленген Назар биді жұрт әулие тұтқан. Оның алдағыны болжайтын қасиеті жайлы ел ішінде көптеген әңгіме сақталған. Халық арасында кең тараған «Назардың назына ұшырағаннан сақтай көр» деген сөз де сол заманнан жеткен тағылымды тіркес.

Назар бидің есімі қазақ тарихындағы маңызды оқиғалармен де сабақтас. 1846 жылы Шұбарағаштағы Ұлы жүз жиынына қатысып, ел атынан сөз сөйлеп, Ресей империясына қосылу жөніндегі құжатқа мөр басқан тарихи тұлғалардың қатарында болды. Қапал уезінің болысы әрі предводителі қызметін атқарған оның мөрі, оқалы пагоны мен шапаны бүгінде Санкт-Петербург мұражайында сақталғаны – оның тарихи тұлғасының маңызын айқындай түседі.

Жетісудың қасиетті мекендерінің бірі саналатын Желдіқара тауындағы «Назар бидің шоқысы» да осы әулет тарихымен байланысты. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, дәл осы төбеде ел ағалары құрылтай өткізіп, халық тағдырын талқылаған. Бірлік пен берекеге үндеген шешімдер қабылданған қасиетті орын бүгінге дейін тарихи атауын сақтап келеді.

Белгілі тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбектерінде де Қарымбай, Назар, Керімқұл билер туралы құнды мәліметтер кездеседі. Бұл олардың өмір жолының тек ауызша шежіреде ғана емес, ғылыми еңбектерде де нақты көрініс тапқанын көрсетеді.

Керімқұл Назарұлы XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісудың Желдіқара өңірінде дүниеге келіп, жастайынан алғырлығымен, зеректігімен, әділдігімен көзге түскен. Ел арасындағы дау-дамайды әділ шешіп, екіжақты бітімге келтіретін көреген би ретінде халықтың зор құрметіне бөленген. Оның әділ төрелігі мен шешендігі жайлы аңыз-әңгімелер бүгінге дейін сақталған.

Керімқұлдың тағы бір үлкен еңбегі – қазақтың шежіресін жинақтап, ел тарихын жүйелеуге ден қоюы. Ол Жетісудың жер-су атаулары, тау-тасы, елді мекендері мен табиғи байлықтары туралы құнды деректерді жинақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Әсіресе Желдіқара мен Текелі өңірінің алтын, күміс және өзге де қазба байлықтары жөніндегі мәліметтерді қағазға түсіріп, олардың тарихи маңызын айқындауға күш салды.

Деректерге сүйенсек, Керімқұлдың шежіресі Санкт-Петербург архивтерінде сақталған. Кейін оның жазбалары елге жеткізіліп, зерттеушілердің қолына тиген.

Керімқұлдың есімі Талдықорған қаласының тарихымен де сабақтас. Ел аузындағы әңгімелер мен тарихи деректерде қаланың атауына қатысты оның есімі жиі аталады. Сонымен қатар ол өңірдің қоғамдық өміріне араласып, елді мекендердің көркеюіне, ағаш отырғызу, арық-тоған қаздыру секілді игі істерге ұйытқы болғаны айтылады.
Тарихи тұлғалардың есімін ұлықтау мәселесі бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған байланысты Назар бидің ұрпағы Фая Кемалова Талдықорған қаласындағы көшелердің біріне Назар бидің және екінші бір көшеге Керімқұл Назарұлының есімін беруді сұрайды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақ жыраулары

Қазақ жыраулары

19.07.2026
Жүрекке салмақ салмаңыз

Жүрекке салмақ салмаңыз

19.07.2026
Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

19.07.2026
Жаттығуды бастады

Жаттығуды бастады

19.07.2026
Жалған коуч жар жағалатар

Жалған коуч жар жағалатар

19.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.