Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары қарсаңында Өзбекстанның астанасында Қазақстанның тулары ілінді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ташкент көшелерінде Қазақстанның туларымен қатар Президент Тоқаевтың суреттері де пайда болды.
Еске салайық, 14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.
Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.





