Бүгін Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиті өтіп жатыр. Жиында ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы тағайындалды.
Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы Orda.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарған Тасмағамбетовтің орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков келді.
Масадыков жаңа лауазымына дейін құрылым бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Басшылықтың ауысуы алдын-ала келісілген. Мұны Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков растады. Енді Таалатбек Масадыков 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметке кіріседі. Ол үш жылға тағайындалды.
Президенттер ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтаған Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.





