Геологиялық барлауға 72 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды, Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық стандартына сай есепке қою жоспарлануда.
«Учаскелерді игеруге «Тау-Кен Самұрыққа» басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады», – деп атап өтті Иран Шархан.





