Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тағы бір сарбаз қайтыс болды: марқұм жігіттің жақындары жанайқайын жеткізді

21 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
Тағы бір сарбаз қайтыс болды: марқұм жігіттің жақындары жанайқайын жеткізді
WhatsAppTelegramFacebook

Бұдан бір апта бұрын Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан қайтыс болған еді. Марқұм жігіттің туысқандары сұхбат беріп, бұл оқиға туралы айтып берді. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Досымжан Сәлімжан 2005 жылы 1 қазанда Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Сарбаздың туған ағасының әйелі Ақниет Суюнгалиева оның қандай болғанын айтып берді.

«Мінезі қатты, мықты жайдары бала, ақкөңіл еді. Әскерге былтыр 11 қазанда өз еркімен кеткен. Алғашқы кезеңдері бәрі жақсы болған, шағымы болмады. 2024 жылғы 3 мамырда таңертең анасына қоңырау шалып, «Мама, ауырып тұрмын, кеудем қысып тұр, қызу бар сияқты» деді. Анасы «Дәрігерге барып қарал» деді. Біраздан соң сержант қонырау шалып, «Баланыз аурып қалды, азқазаны ауырып тұрған сияқты, тамақ ішпегеннен шығар. Қазір дәрігер тексеріп жатыр» деді. Сәлден соң өзіміз қоңырау шалдық, «Апа, сіздің балаңызды Алматыдағы әскери госпитальға жедел алып бара жатыр» деді. Содан хабарсыз кетті. Кешке ғана подполковник Руслан Жылқыбаев қоңырау шалып, «Бәрі жақсы, қазір дәрігерлер асқазанын тазалап жатыр, жара бар сияқты» деді. Бірақ біз сонда да Алматыдағы туысқанымызды ауруханаға жібердік, ол баланың жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Сонда кім кімді алдап отырғаны белгісіз! Ата-енем сол күні түнде Алматыға ұшты», — деді Ақниет Суюнгалиева.

Баланың анасының айтуынша, лейтенант сарбазды соғып, өз жұмысын істетіп қойған. Оған қоса, әскерге керек зат алу үшін ақша сұратқан. Осылайша бала бірнеше несие алған. 

«Өлім қорытындысы бойынша жүрегі тоқтап қалған. Сот-медициналық сараптама әлі шықпады, 1-2 ай уақыт алады деді. ⁠Бізге тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кінәлі адамға, яғни лейтенант Ш. Жанботаға санкция жарияланып, ол ұсталған. 4 куәгер сұралып жатыр», — деді Ақниет Суюнгалиева.

Марқұм сарбаздың жеңгесінің айтуынша, тергеушілер күдіктінің ұсталғанын ауызша ғана айтып, ешқандай құжатпен растамаған. 

Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаменті сауал жолдады. Алайда құзырлы орган бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат беруге, пікір білдіруге бас тартты. 

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес ақпарат бере алмаймыз», — деді баспасөз қызмет өкілдері. 

 Осыған қатысты сарбаздың жақындары құзырлы органға қояр сауалы мен талабы барын айтты.

«Неге бала больницада жатқанда білікті дәрігерлер әкелмеді? Сарыөзек горнизонының басшысы Абеков Жасулан Садуұлы неге ауруханаға келмеді? Неге баланың жағдайын сұрамады? Неге қадағаламады? Лейтенанттың ісінен хабары неге жоқ? Балалардың соққыға жығылатынынан неге хабары жоқ? Неге қағазды сарбаздардың ақшасына алады?» — деді ол.

Досымжан Сәлімжанның жақындары кінәлінің жауапқа тартылғанын, істің аяғына дейін жүргізілуін, материалдық шығынның өтелуін талап етті.

Фото: Жеке архив

Қатысты жаңалықтар

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Бүгін, 15:35
Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.