Талдықорған: -3°C
$ 526.79
€ 606.34
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Таза Қазақстан»: Жетісуда табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды

14.10.2025
КҮНДЕРЕК
«Таза Қазақстан»: Жетісуда табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды

Қанат Байдрахымов

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды. Оның тағы бір ерекшелігі сол, бұл демалыс орнына «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркте өсетін ағаштар отырғызылып, оны мекендейтін жануарлардың мүсіндері орнатылған, сөйтіп «Қойтас» ұлттық парктің флорасы мен фаунасынан кеңінен хабар береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аумағы 6 гектарды құрайтын «Қойтас» саябағы Сарқан ауданының  Сарқан қаласында орналасқан. Саябақты абаттандыру облыс құрылғаннан кейін қарқынды қолға алынды. Оған дейін мұнда орындықтар, жарық шамдары, спорт алаңдары жасалып, жаяу жүргіншілер жолына плитка төселген еді, сол сияқты Сарқан өзенінен өтетін аспалы көпір болған.

Аудан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, соңғы жылдары парктің кіреберісінде өзен жағалауымен оң және солға жүретін «Денсаулық» жағажайы, яғни жалпы ұзындығы 1 км жуық серуен алаңы жасалған. Сол сияқты жарық шамдары орнатылды, балалар ойын және воркаут алаңдары салынды. Ал парк ішінде жаяу жүргіншілер жолы, балалар алаңы мен спорт алаңдары, скейтборд алаңы, орындықтар, жарық шамдары, беседкалар, субұрқақ көз қуантады. Оған қоса бейнебақылау камералары орнатылған. Түрлі мәдени-бұқаралық, мерекелік іс-шара өткізуге арналған, 400 адам сиятын амфитеатр салынды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қойтас» саябағында 1100-ге жуық қарағай, туя, көгілдір шырша және басқа да ағаш түрлері мен бұталар отырғызылды.  Жалпы саябақта екі шолу алаңы салынған, оның біреуі саябақты, екіншісі Жоңғар Алатауын көруге мүмкіндік береді. Екінші шолу алаңы оған қоса таудың фонында фотосуретке түсетін аймақ ретінде де танымал. Жалпы біз өңірге туристер тартуда «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркімен бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Ұлттық саябақта өсетін өсімдіктерді «Қойтасқа» отырғызып, ондағы жан-жануарлардың мүсіндерін орнаттық. Қазіргі кезде арқардың, барыстың бейнесі қойылды, бұл жұмысты жалғастырамыз. Алдағы уақытта Сиверс алмасы отырғызылады. Тұтас алғанда бұл жер шағын ботаникалық баққа айналады деп ойлаймыз. Сондықтан оған алыстан көз жіберуге болатын, иректеліп келген үшінші шолу алаңын салып жатырмыз. Сонымен қатар парк аумағында  кәсіпкерлер тарапынан ашылған сауда аумақтары бар. Басты талап – ішімдік сатуға тыйым салынған. Бұл табиғи саябақ арқылы өлкеміздің табиғи сұлулығын, мәдени байлығын, толымды тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізсек екен дейміз, — дейді Сарқан қаласының әкімі Амантай Орынбеков.

Саябақта бүгінгі күні жануарлардың, ұлттық аспаптардың, сол сияқты ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері, жалпы саны 11 кіші архитектуралық форма қойылған. Сарқан өзеніндегі тас үстінде русалканың мүсіні бар. Атап өтерлігі, саябақтағы жасыл желек үшін тамшылап суару жүйесі орнатылды. Келесі жылы үлкен автотұрақ салу және жыл бойы пайдаланылатын сырғанақ салу жоспарда бар. Алдағы уақытта ағаш отырғызу және шағын архитектуралық формалар орнату ісі жалғасады.

Саябаққа жиі келетін қала тұрғыны пікір бөлісті:

Біз бала күнімізде өзеннің маңында серуендеп, ойнайтынбыз. Осы маңға ата-анамыз қонақтарды да ертіп келетін.  Әр түрлі пішіндерімен көз тартатын тастарға қызығатынбыз. Бұл тастарға қатысты  аңыз әңгімелер де көп, олардың мұнда жатқанына ғасыр болды деседі. Қазір осы орынды заманға сай көркейтіп қана қоймай, табиғи ерекешілігін сақтап қалғанына қуанамыз. Сөйтіп бұл қаламыздың тұрғындары мақтанышпен айтатын, рахаттана демалатын орынға айналды, – Айзада Бекетқызы.

Еске салсақ, Сарқан қаласы жуырда облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілген байқауда «Үлгілі аудан орталығы» номинациясын жеңіп алған болатын.

Жалпы облыс көлемінде аумағы 296,3 га болатын 132 саябақ, сквер, аллея болса, соның ішінде 11-і Сарқан ауданында орналасқан.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Жетісу өңірінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

07.11.2025
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

07.11.2025
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

07.11.2025
300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

07.11.2025
Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.