Талдықорған: +23°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТЕКЕЛІДЕ КӨПКЕ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ — ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

20.11.2022
КҮНДЕРЕК
ТЕКЕЛІДЕ КӨПКЕ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін 20 қараша, сағат 7:00-де Текелідегі барлық сайлау учаскелері ҚР Мемлекеттік Гимнімен салтанатты түрде ашылды.

№1035 сайлау учаскесіне Текелі қаласының Құрметті  азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, қалалық ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Дүйсебаев келіп, саяси шараның ашылуымен құттықтап, баршаға сәттілік тіледі.

Ертай Жұманбайұлы жұбайы Гүлнұр Ғалымжанқызы екеуі алғашқылардың бірі болып ел болашағы үшін дауыс берді.

«Қазақтың ұлан-ғайыр даласы бар, жерінің асты да, үсті де, қазынаға толы. Осынау байлықты халық игілігіне жарата білу қажет. Егемен еліміздің бағындырған белесі мен болашақта алар асулары көп. Келешегіміз кемел, абыройымыз биік болуы үшін мемлекеттік саясат пен елді соңынан ілестіре алатын тұлға керегі белгілі. Ел Президентін таңдайтын айтулы күн де келіп жетті. Ендеше, сайлауға белсенділікпен қатысып, дұрыс таңдауымызды жасайық, ардақты ағайын!» — деді ел ағасы.

Бар мейірім мен жылулықтың, тәлім мен тәрбиенің қайнар көзі – отбасы. Отбасылардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани әлеуеті жиынтықтала келе тұтас қоғамның келбетін көрсетеді. Сондықтан, өнегесі мол, өсіп-өніп, тамырын тереңнен тартқан әулеттерді көпке үлгі етудің, отбасылық ұстанымын, ұлағатын, ұрпаққа сабақ болар өмір өрнегін паш етудің маңызы зор. Осындай қазыналы, қабырғалы әулеттердің бірі – Текелідегі Керейбаевтар отбасы.

Сазгерлікке құлаш ұрып, көш басында тұрған Мэлс Рамазанұлы қазір 350-ге тарта ән мен күйдің, «Сәбиім – ән-күйім», «Отан – біздің әніміз», «Ән шырқа, жас ұлан», «Сағынам, туған мекенім» ән жинақтарының, «Толқиды Ақсу» кітабының авторы. Оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі атанған ол Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Текелі қаласының Құрметті азаматы.

Бүгін қаламыздағы №1035 сайлау учаскесінде Керейбаевтар отбасы өз таңдауын жасап, дауыс берді.

«Егемен, еңселі еліміз үшін  тұрақтылық пен тыныштықтан, тұнығы лайланбаған татулық пен бірліктен асқан байлық жоқ. Қазақстанның қара ормандай халқы қашанда игі іске жұмылған жұдырықтай атсалысады. Үлкен маңызды оқиға кезектен тыс Президент сайлауына да азаматтарымыз бірауыздан қатысып, таңдаған кандидаттарына дауыс береді деп сенемін. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі бақуатты өмірі үшін азаматтық танытайық, сайлауға бей-жай қарамайық, жоғымызды түгендеп, барымызды бағалайық дегім келеді», — деді Мэлс Керейбаев.

Мэлс Рамазанұлының жары Алтынай Дәулетбекқызы да ардагер ұстаз. Балалар шығармашылығы орталығында әлі күнге дейін балаларды домбыра тартуға баулып жүр. Әке жолын қуған ұрпағы да өнерден алыс кетпей, барлығы ұстаздық жолды таңдады. Әуен, Дәурен, Мұхтар, Құралай, Қуаныш, Қайрат бала-шағаларымен жинала қалса, рухани әңгіме өрбиді, кішігірім концерт өтеді. Осының бәріне тәубе айтып, төрде отырған Мэлс ата мен Алтынай әже бүгінде 16 немере, 3 шөбере және екі жиен немере мен жиеншарының тілеуін тілеп, ұрпақ аман, заман тыныш болсын дейді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.