Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТЕКЕЛІНІҢ РУДНИЧНЫЙ АУЫЛЫНДА ҮШ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ТҮСІП ЖАТЫР

25 шілде 2021
КҮНДЕРЕК
ТЕКЕЛІНІҢ РУДНИЧНЫЙ АУЫЛЫНДА ҮШ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ТҮСІП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында биыл елімізде өкілеттік мерзімі аяқталатын ауыл әкімдерін жергілікті халық сайлайтынын айтқан болатын. Бұл – ашық, демократиялық ел болуды мақсат еткен мемлекетіміздің саяси даму үдерісіндегі маңызды бір қадамы екені сөзсіз.

Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде алғашқылардың бірі болып Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Омар Кашкенбаев өз таңдауын жасады.

Омар ақсақал өзінің өмір жолын туған ауылымен ұштастырып, талай жыл ауыл игілігі жолында қызмет еткен. Бүгінде зейнетке шығып, қоғамдық кеңеске төрағалық етіп келеді.

— Биылғы ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдық – азаматтардың өзін-өзі ұсынуы. Мұны аталған лауазымды қызметке бәсекелестікті арттыра түсетін қажетті бір шарт деп қарастыруға әбден болады. Әрине, өзін-өзі ұсынған азамат еңбегі мен жетістіктері жайында ел білетін, мемлекеттік қызметте немесе кәсіпкерлік саласында еңбек еткен, белгілі жетістіктерге жеткен болуы ләзім. Ендеше, тәжірибесі, білімі бар адал азаматтар барын салып, елдің мүддесіне еңбек етемін десе, неге қолдамасқа?! Бүгін мен сайлауға барып, алғашқылардың бірі болып өз дауысымды бердім. Барша жерлестерімді сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, — дейді ақсақал.

Атап өтсек, Рудничный ауылдық округінде 3 кандидат саяси науқанға қатысып жатыр. Тарихи сәтте ауылдың 700-ге жуық тұрғыны дауыс береді деп күтілуде.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.