Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тері мен жүн экспортына салынған кедендік салықтар жойылды

21 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Тері мен жүн экспортына салынған кедендік салықтар жойылды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ірі қара және ұсақ мал терісі мен жүнін экспорттауға салынған кедендік баждар күшін жойды. Бұл шешім саланы дамытуға жаңа серпін беріп, отандық өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда елімізде тері мен жүнді терең өңдеу толық қуатында жұмыс істеп отырған жоқ. 2024 жылы өндірілген 9 миллионнан астам терінің тек 6%-ы ғана өңдеуден өткен. Ал 35,5 мың тонна жүннің небәрі 29%-ы қайта өңделуге жөнелтілген.

Саладағы негізгі түйткіл – шикізат тапшылығы емес, ынталандыру тетіктерінің жеткіліксіздігі. Экспорттық салықтар фермерлер үшін тері мен жүнді өткізу үдерісін экономикалық тұрғыда тиімсіз етіп келді. Соның салдарынан көптеген шаруашылықтар шикізатты өткізе алмай, оны тастауға мәжбүр болса, өңдеуші кәсіпорындар толық жүктемемен жұмыс істей алмады.

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, кедендік баждардың уақытша төмендетілуі салада оң өзгерістерге әкелген. Мысалы, 2023 жылы тері экспортына салынатын баж 200 евродан 100 еуроға төмендетілгенде, экспорт көлемі 38,5%-ға артқан.

– Біз тек шикізат емес, мыңдаған жұмыс сағатынан да айырылып отырмыз. Баждарды жою сияқты қарапайым шаралар фермерлерге экономикалық мүмкіндік беріп, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етеді. Бұл – экспорт арқылы ел экономикасына валюталық түсім тартудың нақты жолы, – деді депутат.

Бүгінде елімізде тері өңдеумен айналысатын 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаттылығы – 3,3 млн бірлік. Сонымен қатар жүн өңдейтін тағы 9 кәсіпорын бар, бірақ олардың жүктемесі небәрі 29%-ды құрайды.

Өңделген өнім, мысалы «ветблю» және «топс», әлемдік нарықта шикізатқа қарағанда 2–3 есе жоғары бағаланады және экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елге қосымша валюталық табыс әкеледі.

Саланы қолдау мақсатында алдағы уақытта тері мен жүнді өңдеуге өткізген өндірушілерге субсидия беру қарастырылып отыр. Бұл бағытта қабылданған шешімдер үкіметтің, атап айтқанда Премьер-Министр Олжас Бектеновтың жедел және оңтайлы әрекетінің нәтижесі ретінде бағаланып отыр.

2024 жылғы тері экспортының көрсеткіштері:

  • Жалпы – 218,9 мың дана

    • Оның ішінде ірі қара мал терісі – 214,2 мың дана

    • Ұсақ мал терісі – 3,8 мың дана

Экспорт бағыттары:

  • ІҚМ терісі:

    • Ресей – 84,3 % (180,5 мың дана)

    • Түркия – 7,8 % (16,7 мың дана)

    • Нигерия – 7,6 % (16,3 мың дана)

    • Қырғызстан – 0,3 % (675 дана)

  • ҰҚМ терісі:

    • Өзбекстан – 100 % (3,8 мың дана)

Сала өкілдерінің айтуынша, бұл шешім ұзақ жылдар бойы айтылып келген ұсыныстардың нәтижесінде жүзеге асқан. Енді өңдеушілер мен фермерлерге жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.