Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

18.02.2025
КҮНДЕРЕК
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тіл-әрбір ұлттың айнасы, рухани мұрасы. Қазақ халқының сан мың жылдық алтын шынжырлы тарихында «тіл» тағдыры- «ұлт» тағдырымен қатар қойылған. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл»- деп тілге тиек еткеніндей, тілсіз ұлт жаны мен жапырағы жоқ ағаш-сынды. Жансыз ағаш-көгеріп, көктемейді. Тіл де солай. Тілі жоғалған ел-өзінің тамырынан ажыраған, рухани кеңістігінен айырылған бейшара ұлтқа айналады. Сол себепті де ата-бабамыз тілге ерекше мән беріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап отырған.

Бүгінде ата-бабаларымыздың аманатын орындау-біздің қолымызда. Тәуелсіздік таңы атқалы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғанымен, оны шынайы қолдану деңгейіне көтеру әрбір азаматтың парызына айналып отыр. Тіл-тек заң жүзінде емес, өмірдің әр саласында, көшеде, отбасында, білім мен ғылымда, өнер мен технологияда өз тұғырын нығайтуы қажет. Осы орайда, тіл саясатының жүзеге асу барысы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны шын мәніндегі мемлекеттік тілге айналдыру, ұлттық ономастиканы реттеу  қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі.

Ономастика-елдің тарихи жадын сақтаудың маңызды құралы. Елді мекендердің, көшелер мен нысандардың атаулары ұлттың өткенінен сыр шертетін дереккөз. Өйткені елді мекендер мен көшелердің атаулары тек қана географиялық белгі емес, олар халықтың тарихи жадын сақтаушы құндылықтар. Соңғы жылдары көптеген кеңестік атаулар өзгертіліп, ұлттық, тарихи маңызы бар атаулар қайтарылып жатыр. Дегенмен, бұл процесс барлық өңірде бірдей жүріп жатқан жоқ. Мәселен, елдің оңтүстік және батыс аймақтарында ономастикалық өзгерістер белсенді жүргізілсе, кейбір өңірлерде ескі атаулар әлі де сақталып отыр.

Мысалы, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында әлі күнге дейін Киров, Ленин, Чапаев, Горький сынды көше атаулары бар. Ал, Өскемен қаласында Орджоникидзе, Сергиополь, Белинский секілді көше атаулары сақталған. Қостанай мен Павлодар облыстары ономастикалық тұрғыдан өзгерістер қажет аймақтардың қатарында. Павлодар қаласының өзі 1990-жылдары атауын өзгерту туралы ұсыныстар болғанымен, сол күйі қалды. Мұнда Гагарин, Советский, Дзержинский, Пушкин сияқты көшелер әлі де бар. Қостанай облысында да Фурманов, Пушкин, Калинин секілді көше атаулары өзгеріссіз тұр.

Бір қызығы, кейбір қалаларда көше аттары орыс тілінен қазақ тіліне аударылғанымен, мағынасы өзгеріп кеткен. Мысалы, бір облыстағы «Лесная» көшесі «Орман» емес, «Лесная» күйінде қалған. Мұндай жағдайлар мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты көзқарастың әлі де болса екіұшты екенін көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында тарихи атауларды қайтару қалыпты үрдіс. Мысалы, Балтық жағалауы елдері КСРО тарағаннан кейін бірден тарихи атауларын қайтарып, ұлттық болмысын қалпына келтірді. Польша мен Чехия да кеңестік дәуірден қалған атауларды өзгертуге ерекше назар аударды. Ал елімізде бұл мәселе аясында әлі де белгілі бір шешімнің табылар түрі жоқ.

Бұл мәселе бойынша тарихшы әрі ономаст-ғалым Ербол Төлеубай өз пікірінде: «Кеңес дәуірінен қалған атауларды өзгерту тек тілдік қана емес, идеологиялық мәселе. Кейбір өңірлерде тарихи атауларды қайтаруға қарсылық көрсетіп жататын жағдайлар да кездеседі. Бірақ бұл уақытша қиындық. Қазір жастар тарихқа бей-жай қарамайды, сондықтан болашақта ономастика мәселесі түбегейлі шешіледі деп сенемін,»- деген болатын. Рас, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тек жоғарыдан жасалатын бұйрықтармен шешілмейді.

Иә, тілдің дамуына кері әсерін тигізетін ономастикалық атаулардың өзгеріссіз қалуы кейбір мемлекеттер үшін мүмкін қалыпты дүние болар. Бірақ, еліміз үшін аталған мәселенің алып келер зияны көп. Әсіресе, ғалым Ербол Төлеубай сенген еліміздің ертеңі жастарымыздың бұл тақырып аясындағы көзқарасы қандай? Олар тарихи атауларды қайтаруды қолдай ма, әлде бұл мәселені аса маңызды деп санамай ма? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз әртүрлі саладағы жас азаматтармен сұхбат жүргіздік. Кейбір жастар үшін ономастикалық өзгерістер ұлттық сана мен мемлекеттің даму жолындағы маңызды қадам. Бұл жайында жастарымыздың көпшілігі: «Біз өз тарихымызды қайта жаңғыртып, ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруіміз керек. Әр көше, әр қаланың атауы белгілі бір тарихи оқиғалармен, ұлттық құндылықтармен байланысты болуы тиіс. Кеңес заманында қазақтың көптеген атаулары жойылды, енді біз оларды қайтару арқылы өткенімізді ұмытпауға тиіспіз.»-дейді. Жастардың пікірі ономастика-тек атауларды ауыстыру емес, бұл халықтың тарихи жадын жаңғыртуға бағытталған қадам деген ұғымға саяды.

 Қоғамда бұл мәселеге белсенді түрде қызығушылық танытқанымен, тұрғындардың, жастар мен белсенділердің ұсыныстары мен пікірлері ресми шешімдерге қаншалықты әсер етіп жатқаны белгісіз. Қоғамдағы пікірлерді ескере келе, біз бұл мәселені шешудің жаңа жолын «Ақылды картография» (Smart Onomastics) жүйесін ұсынуды жөн көрдік.

Бұл жүйе Ұлыбритания мен Канада секілді дамыған мемлекеттерде ономастикалық жұмыстарды дамытып, тілді дамытуда қолданылып келеді. Елімізде де аталған жүйе өз қолдауын тапса,  цифрлық технологиялар мен географиялық ақпараттық жүйелерді (GIS) пайдалана отырып, елдегі барлық ономастикалық атауларды картаға түсіріп, олардың өзгеру динамикасын бақылайтын алғашқы цифрлық база болар еді. Жүйенің басты ерекшелігі-елді мекендер мен көше атауларының қашан және қандай негізде өзгергенін анық көрсетіп, өңірлердегі ономастикалық процестердің қаншалықты жылдам жүріп жатқанын талдауға мүмкіндік беруі. «Ақылды картография» жүйесінің мүмкіндіктері кең. Бұл жүйе Қазақстанның ономастикалық картасын жасап, ондағы әрбір атаудың тарихын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйесі белгілі бір атаудың маңыздылығын сараптап, оны өзгерту қажет пе, жоқ па деген талдаулар жүргізе алады. Ең бастысы, тұрғындар өз ұсыныстарын цифрлық платформада қалдырып, ономастикалық өзгерістерге белсенді қатыса алар еді. Бұл уақыт еншісіндегі дүние, дегенмен заманымыз қарқынды дамып жатқан тұста осындай қолданбалар арқылы еліміздің тіл тағдыры мен ономастикалық атауларды қайта қалпына келтіріп, тарихымызды жаңғыртамыз ба деген ой  ғой біздікі.

Тілдің дамуы тек грамматикалық ережелер мен сөздік қордың кеңеюімен шектелмейтіндігі анық. Ол халықтың санасында берік орын алуы үшін, күнделікті өмірдің барлық саласында қолданылуы қажет екендігі белгілі. Бала дүниеге келгенде есімі оның тағдырына әсер ететіні сияқты, әрбір елді мекеннің, көшенің, өзен мен таудың атауы да сол өңірдің мәдениеті мен рухын қалыптастырады. Егер біз өз тарихымызды құрметтегіміз келсе, ең алдымен, оны картадан бастап өзгертуіміз керек. Тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ол-халықтың жаны. Ал ономастика-сол жанның көрінісі. Тарихты бүгінгі ұрпағымыз тек кітаптан оқып қоймай, оны көше-көшеге, қала-қалаға қайта жазғанда ғана ұлттық рух пен тіл сақталады. Сол кезде ғана ұлттық сана жаңғырып, тілдің мәртебесі шын мәнінде жоғарылайтын болады.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейткіміз келсе, ең алдымен, адамдарды қоршаған кеңістікті ұлттық болмысқа сай етуіміз керек. Қазақ жерінде қазақша атаулар тұрғанда ғана, тіл толыққанды өмір сүре алады. Егер бүгін біз тарихи атауларды қайтармасақ, ертеңгі ұрпақ бұл жерлердің түпкі тарихын білмей, өз тамырынан ажырап қалады.

Қорыта келгенде, тіл-ұлтты біріктіруші күш. Ол халықтың рухын асқақтатып, санасын жаңғыртады. Қазақ тілінің байлығы -оның ғасырлар бойы қалыптасқан терең мән-мағынасы мен көркемдігі. Ол-жырдың, шешендік сөздің, мақал-мәтелдің, ұлы дала философиясының тілі. Сөйлесе-сазындай, жырласа-күйіндей төгілетін қазақ тілі- қазақтың бүкіл ғұмырының шежіресі. Ендеше, тілімізді тек сақтап қана қоймай, оны заман талабына сай дамытып, тарихи атауларын қалыпқа келтіріп ұрпаққа аманат ету-ұлы міндет. Бұл әрбір қазақтың жүрек түкпіріндегі намысы, ел алдындағы жауапкершілігі, болашаққа деген сенімі болуға тиіс. Себебі, қазақ тілі- қазақтың жаны!

АқеркеТұрысбек,
Ілияс Жансүгіров  атындағы университеттің 3-курс білімгері 
Фото: kaztag.kz 

 

Қатысты жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін қалай тез және оңай алуға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай тез және оңай алуға болады?

11.07.2025
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11.07.2025
Елімізде тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Елімізде тағы бір құжатты онлайн алуға болады

11.07.2025
Қазақстан сыртқы қарыз көлемі бойынша тарихи рекордқа жетті

Қазақстан сыртқы қарыз көлемі бойынша тарихи рекордқа жетті

11.07.2025
Ет, сүт, жұмыртқа: Қай салада өндіріс артып келеді?

Ет, сүт, жұмыртқа: Қай салада өндіріс артып келеді?

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.