Талдықорған: +35°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТҮНГІ САҒАТ 3:30. ҮЛКЕН МҮМКІНДІК. ТҮРКІСТАНҒА САПАР ШЕККЕН СТУДЕНТ ҚЫЗ

23.04.2022
КҮНДЕРЕК
ТҮНГІ САҒАТ 3:30. ҮЛКЕН МҮМКІНДІК. ТҮРКІСТАНҒА САПАР ШЕККЕН СТУДЕНТ ҚЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өміріне өзгерістер, жаңа танысулар өзіндік ерекшелігімен енеді екен. «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі» деген де халық арасында сөз бар. Себебі, адам баласы бір орында тұрып қалмай, сапар шегіп, басқа қаланы, басқа ортаны көрген сайын, ойлау қабілеті де жақсарады. Саяхаттау адамның тұлғалық дамуына да өз пайдасын тигізеді.

Республикалық журналистер олимпиадасына қатысу үшін киелі Түркістан мекеніне жол түсті. Апта басталып, ақырындап жолға қамдандым. Керек заттарды тізім бойынша қарап, үш мәрте тексердім. Жүрегім толқып тұрды.  Іштей өзіме деген сенімділікті ояттым. Олимпиадаға қатысу, бақ сынап, тәжірибе жинау ол мен үшін берілген мүмкіндік, үлкен бақыт екенін сезінген сайын бойыма күш-жігер жиналғандай болды.

Жер жаннаты Жетісудан Үштөбеге дейін 2 сағат, ары қарай бағытымыз киелі мекен — Түркістан. Жанымдағы серіктерім Жетісудың мықтылары, бірінен-бірі асып түсер журналистика майталмандары. Барлығымыздың мақсатымыз айқын, міндетіміз зор, арқалаған жүгіміз ауыр. Күткен сәт жетіп, вокзалға келдім. Сағат тілі түнгі 3:30-ды көрсеткен кезде поезд Үштөбе вокзалына келіп тоқтады. Үлкен сөмкемді иығыма асып, купеге кірдім. Дәліз бойымен жүріп келе жатып, сол жаққа басымды бұрып едім 17-20 деген санға көзім шалынды. «О, осы орын!» — деп қуанып, ішіне ене бергенім сол еді, екі ер адам үстіңгі орынға жайғасып алыпты. Жарықтан ба, әлде бізден бе, ұйқылы-ояу екеуі бізге жалт қарап, жақтырмағандай сыңай танытты. Астынғы орынға жайғасып, үстіме күртешемді жаптым да, ұйқыға кеттім. Алайда ол ұйқым көпке созылмады, мұрныма ыстық шайдың иісі мен құлағыма «Қапшағай – Алматы» стансысы, поезд тұру уақыты 20 минут», — деген дауыс естілді. Үстіңгі орындағы көршілер лезде жиналып, сөмкелерін жинап, асығыс шығып кетті. Мен сол күйі терең ойға шомып, жүректегі толқумен терезеге үңілдім.

Купе іші тым-тырыс, Түркістанға әлі 18 сағат уақыт бар. Ең керемет сапар ол пойызбен жүру екен. Пойыздың тоқтаусыз дыбысы ерекше әсер береді. Терезеге қарап, еріксіз шабытың ашылып, ақ қағазға төгілте өлең жазғың келеді.

Сонымен, киелі мекен Түркістанға да келіп жеттік. Бір сөзбен жеткізе алмайтын ғажап мекеннің табиғаты, таза ауасы, адамдары еріксіз өзіне баурап алды. Тарихы терең, туристердің қызығушылығын арттырған «Керуен сарайы» өте әдемі, расымен қарасаң, көзің тоймайды деп айтуға болады. Қасиетті жерге табан тіреп, дұға етіп, еліме амандық, жеріме тыныштық тіледім. Құстары сайрап, табиғаты елжіретіп, адамдары қонақжайлық көрсетіп, сапарымыз сәтті болды.

Алғашқы күннен-ақ Түркістан университеті бізге арнап концерт қойып, өнерлерін паш етті. Шетінен дарынды жастар екен. Қонақжайлықтары мені өзіне баурап алды, жан-жақтан келген әрбір студенттің көңілін таба білу де өнер. Университет қабырғасындағы ең озық 30 жобаны бізге таныстырған сәтте ерекше әсер алдым. Әрбір жоба жоғары деңгейде дайындалып, тиянақты орындалған.

Осындай кең-байтақ жеріммен, еліммен, өнерлі жастармен мақтанып, патриоттық сезімім оянып, бейбітшілікте бақытты ғұмыр кешіп жатқаныма Аллаға шүкір еттім. Қызықты сапарымның ерекше, мәңгі есімде қаларындай болғанына қуанамын. Тынысым ашылып, жаңа адамдай жаңарғаным киелі Түркістанға деген қызығушылығымның артып, өзіме мақсат қоюыма септігін тигізді. Адам денсаулығына да саяхаттаған пайдалы деп айта отырып сөзімді мына бір керемет тілекпен аяқтағым келеді: «Жолыңыз болсын, жолаушы!»

Алуа ОСПАНЖАН,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 3-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026
Ұлттық  құндылықтарды дәріптеді

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

12.07.2026
Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.