Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төбет пен құмай тазы – ұлттың қазынасы

03.09.2026
КҮНДЕРЕК
Төбет пен құмай тазы – ұлттың қазынасы

jaraina.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ үшін тазы – жай ғана аңшы ит емес. Ол – дала тіршілігімен біте қайнасқан саятшылық өнердің, салт-дәстүрдің, еркіндік рухының бір бөлшегі. Ал төбет – төрт түлікті қасқырдан қорғаған, ауыл мен қора-қопсының күзетінде тұрған сенімді серік. Сондықтан халқымыз тазы мен төбетті ерекше қадір тұтып, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді парыз санаған.

Биыл бұл құрмет мемлекеттік деңгейде де айшықтала түсті. Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен мерекелік күндер тізбесіне жаңа дата енгізіліп, 3 қыркүйек – «Қазақы тазы мен төбет күні» болып белгіленді. Осылайша ғасырлар бойы қазақтың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қос тұқымға арналған арнайы күн ресми күнтізбеден орын алды.

Бұл – жай ғана мереке емес, ұлттық мұраға деген жауапкершілікті еске салатын күн. Өйткені тазы мен төбеттің тағдыры халқымыздың тарихымен сабақтас.

«БІР АУЫЛДЫ БІР ТАЗЫ АСЫРАҒАН»

Тұрарқан Абайұлы – Жаркент өңіріндегі Тұрпан ауылының тумасы. Бала кезінен тазыға қызығып өскен ол бұл кәсіппен 43 жылдан бері айналысып келеді.

– Ежелден қазақ халқы тазыны жеті қазынаның бірі деп қастерлеп келеді емес пе?! Арғы тарихқа бармай-ақ, өткен ғасырдағы ашаршылық кезеңінде «Бір ауылды бір тазы асыраған» деген сөзді көнекөз қарияларымыздан талай мәрте естіп өстік. Қаншама адамды ажалдан арашалап қалған қасиетін біле тұра, оны қалайша жеті қазынаның бірі демейміз?! – дейді ол.

Тұрарқан Абайұлы құмай тазысы Падишахпен
Тұрарқан Абайұлы құмай тазысы Падишахпен

Бұл сөздің астарында қазақтың тазыға деген ықыласының сыры жатыр. Қиын-қыстау кезеңдерде аң аулап, елдің күнкөрісіне жәрдемдескен тазы қансонарда аңшының сенімді серігі болған. Оның жүйріктігі мен төзімділігі дала жағдайына бейімделіп қалыптасқан.

Бүгінде бұл қасиеттер ғылыми тұрғыдан да зерттеліп келеді. Қазақстанның Генетика және физиология институтының мамандары қазақы тазының генетикалық құрылымын зерттеп, оның генетикалық әртүрлілігі жоғары, инбридинг деңгейі төмен, өзіндік ерекшелігі бар тұқым екенін анықтаған. Зерттеу барысында тазының аңшылық қабілетіне, жүгіру жылдамдығы мен төзімділігіне әсер етуі мүмкін гендік аймақтар да қарастырылған.

Бұл зерттеулер қазақы тазыларды сыртқы сипатына қарап қана емес, ғылыми негізде сақтап, өсірудің маңызын көрсетеді.

ТҰҚЫМ ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Қазақы тазының өзіндік бітім-болмысы бар. Жаркенттік тазы баптаушылардың айтуынша, «Шашақ құлақ» деп аталатын қазақы тазылардың дене тұрқы жинақы әрі үйлесімді келеді. Аяғы, белі, құйрығы, тұмсығы мен құлағының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алайда ең маңыздысы – тұқым тазалығы.

Бұл мәселеге мамандардың алаңдайтын жөні бар. Өйткені өткен ғасырдың соңында және кейінгі жылдары қазақы тазылардың басқа тұқымдармен бей-берекет шағылыстырылуы олардың бастапқы қасиеттеріне әсер етті. Сондықтан таза тұқымды сақтау мен асылдандыру жұмыстарына қазір ерекше мән беріліп отыр.

2023 жылы қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау және өсімін молайтуға қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданып, осы бағыттағы мемлекеттік жұмыстардың құқықтық негізі қалыптасты. Сол жылы қазақы тазы мен төбеттің ұлттық тұқым ретіндегі стандарттары да бекітілді.

Қазақы «Шашақ құлақ» тазыларының дене тұрқы шағындау болғанымен, жылдамдығы жоғары. Негізінен түлкі, қоян, қарсақ және шибөрі секілді аңдарды алуға бейім.

Ал Шығыс Қазақстан, Семей, Қарағанды өңірлерінде өсірілетін қазақы тазылардың арасында қасқыр алатын ірі тұқымдар да кездеседі. Бұрын оларды «Түйе тазы» деп атаған. Қазір «Алпауыт тазы» атауы да қолданылады.

Қазақы тазының тағы бір ерекше қасиеті – иісшілдігі. Жақсы тазы аңның ізін алыстан тауып, жаңа мен ескі ізді ажырата алады. Кейде қожайынынан 500 метрден бір шақырымға дейін алға озып, аңның бағытын анықтап береді.

Жүйріктікпен қатар төзімділік те маңызды. Бапталған қазақы тазы бірнеше күн қатарынан аңға салса да, бабын сақтай алады. Мұндай қасиеттер ғасырлар бойғы табиғи сұрыпталу мен адам еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан.

Тазының мінезі де ерекше. Аңшылар оның адамға адалдығын, иесіне берілгендігін, орынсыз үрмейтінін, өзіне қойылған тәртіпті сақтайтынын айтады. Қазақтың тазыны айрықша қадір тұтуының бір себебі де осында.

ТӨБЕТ – ДАЛАНЫҢ ҚОРҒАНЫ

Тазы мен төбеттің қызметі бөлек болғанымен, екеуін біріктіретін ортақ қасиет бар. Ол – адамның сенімді серігі болуы.

Тазы аңшылықта адамға қызмет етсе, төбет көшпелі қазақтың төрт түлігін, қонысын қорғаған. Қорадағы малды күзетіп, түз тағысына қарсы тұрған төбет даланың нағыз қорғаны болған.

Қазақ төбетінің шығу тегі де соңғы жылдары ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 2024 жылы қазақстандық ғалымдардың «Қазақтың төбет тұқымының генетикалық әртүрлілігі және шығу тегі» атты зерттеуі халықаралық ғылыми журналда жарияланды. Ғалымдар Қазақстан мен Моңғолияның әртүрлі өңірлерінен алынған иттердің генетикалық материалын зерттеген. Нәтижесінде төбет популяциясында жеті түрлі генетикалық кластер бар екені анықталған.

Зерттеудің тағы бір қызықты нәтижесі – қазақ төбетінің тибет мастифінен тараған деген болжамның расталмауы. Генетикалық талдау оның түріктің ақбаш тұқымына жақынырақ екенін, сондай-ақ ортаазиялық төбетпен туыстығын көрсеткен.

Демек, тазы мен төбетке деген құрмет – өткенді аңсау емес. Бұл – тарихи мұраны ғылыми негізде сақтап, болашаққа жеткізу.

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ҚАЗАҚЫ ТАЗЫ

Қазақы тазылардың тағдырындағы маңызды белестердің бірі – халықаралық деңгейде танылуы.

Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) ресми номенклатурасында Kazakh Tazy №372 нөмірімен көрсетілген. Қазіргі мәртебесі – алдын ала танылған тұқым. FCI тізімінде оның шыққан елі Қазақстан екені және ресми стандарттың 2024 жылғы 3 қыркүйекте қабылданғаны көрсетілген.

Бұл – қазақы тазы үшін тарихи жетістік. Халықаралық аренаға шығу тұқымның мәртебесін көтеріп қана қоймай, оны ғылыми негізде сақтау мен асылдандыруға, әлемге танытуға жол ашады.

2025 жылы қазақы тазы әлемдік кинологиялық көрмеде де таныстырылды. Сонымен бірге мамандар генетикалық қорды сақтау, асыл тұқымды иттерді құжаттандыру, ДНҚ арқылы зерттеу сияқты заманауи әдістерді қолдануда. Қазақы тазының генетикалық материалдарының базасы жасалып, 200-ден астам тазы иесіне генетикалық паспорт берілгені туралы да ресми мәлімет бар.

КӨКСУДА ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Қазақы тазы мен төбетті сақтап, тұқымын көбейту бағытында Жетісу облысында да ауқымды жұмыстар қолға алынған.

Көксу ауданында қазақтың төл ит тұқымдарын өсіріп, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы ұлттық орталықтың құрылысы жүргізілуде.

Заманауи талаптарға сай жабдықталатын кешенде ветеринарлық клиника, жем дайындайтын асүй, иттерді ұстауға арналған арнайы орындар, жүгіру жолы, ат қора және тазы мен төбетті аңшылыққа, сондай-ақ салт атты адаммен бірге жүруге үйрететін жабық манеж қарастырылған. Мұнда 50 тазы мен 50 төбет ұстау жоспарланған.

Орталықтың басты ерекшелігі – оның тек ит өсіретін орын болып қалмай, қазақтың төл тұқымдарын ғылыми негізде сақтап, дамытуға бағытталуында. Мұнда селекциялық жұмыстар жүргізіліп, қазақы ит тұқымдарының генетикалық ерекшеліктері зерттелмек.

Бұл – Жетісу үшін ғана емес, қазақы тазы мен төбеттің болашағы үшін маңызды жоба. Өйткені мұнда ғылыми зерттеу мен тәжірибелі бапкерлердің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін ұштастыруға мүмкіндік бар.

Тазы баптау ісін 43 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Тұрарқан Абайұлы мұндай орталықтың маңызы зор екенін айтады. Оның пікірінше, Жетісуда тазы өсіру мен баптау ісін одан әрі дамыту үшін тәжірибелі азаматтардың басын қосып, олардың жинақтаған тәжірибесін ғылыми жұмыстармен сабақтастыру қажет.

АМАНАТТЫҢ ҮЗІЛМЕГЕНІ

Тазы баптау – жай ғана ит асырау емес. Оның артында ғасырлар бойы қалыптасқан үлкен мәдениет бар. Қай итті қай итпен шағылыстыру керек, күшікті қалай таңдау қажет, жүйрікті қалай баптайды, аңға қалай қосады – мұның бәрі ұрпақтан ұрпаққа берілетін тәжірибе.

Сондықтан бүгінгі тазы баптаушылардың алдында тұрған ең үлкен міндет – оның сыртқы сымбатын ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи қасиеттерін сақтау.

Бұл тұрғыда жастардың тазыға қызығушылық таныта бастауы көңіл қуантады. Қазақстанның әр өңіріндегі баптаушылар әлеуметтік желі арқылы тәжірибе алмасып, жарыстар өткізіп, асыл тұқымды иттерді насихаттап жүр. Жаркент өңірінде де кейінгі буынның ұлттық ит тұқымына ықыласы артып келеді.

3 қыркүйектің «Қазақы тазы мен төбет күні» ретінде белгіленуі – осы үдерістің заңды жалғасы. Енді бұл күн ұлттық тұқымдарды дәріптеп қана қоймай, олардың тағдырына жауапкершілікпен қарауға себеп болуы тиіс.

Қазақы тазының тарихы – дала тарихы. Оның ізінде аңшылық өнері, саятшылық дәстүрі, көшпелі өмір салты, адам мен табиғат арасындағы үйлесім жатыр. Ал төбет – сол даланың төрт түлігін күзетіп, қазақ ауылын талай қауіптен қорғаған сенімді серік. Сондықтан тазы мен төбетті сақтау – бір иттің тұқымын сақтау ғана емес. Бұл – ұлттық болмыстың бір бөлшегін сақтау.

Қазақ «Ит – жеті қазынаның бірі» дейді. Ендеше, сол жеті қазынаның бірі болған құмай тазы мен қазақы төбетті сақтап, қадірлеу – өз тарихымызды қадірлеу деген сөз.

Дереккөз: jaraina.kz 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда тазы орталығы ашылады

Жетісуда тазы орталығы ашылады

03.09.2026
eGov жүйесінде жаңа сервис іске қосылды

eGov жүйесінде жаңа сервис іске қосылды

03.09.2026
Тәтті нанмен тәнті еткен

Тәтті нанмен тәнті еткен

03.09.2026
Жетісуда тазы орталығы ашылады

Қазақы төбет пен құмай тазы – ұлттың қазынасы

03.09.2026
Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.