Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Топырақ эрозиясымен күрес: Жетісуда 500 мың гектардан астам жер зерттелді

25.12.2025
КҮНДЕРЕК
Топырақ эрозиясымен күрес: Жетісуда 500 мың гектардан астам жер зерттелді
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығы – халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі сала. Сондықтан оның табысты дамуы ең алдымен жер мен топырақ сапасына, оны тиімді әрі ұтымды пайдалануға тікелей байланысты. Топырақтану ғылымы құрамында оның гео-графиясы, эрозиясы, физикасы, химиясы, микробиологиясы, мелиорациясы, экологиясы және оны қайта құнарландыру бағыттары бар.

Топырақты зерттеу кезінде алынған материалдар жер кадастры мен мониторингін жүргізу, жерге орналастыру жобаларын жасау, шаруа қожалықтарын паспорттау, табиғи мал азығы алқаптары мен жердің жай-күйін сапалық бағалау, жерге төленетін құн – оның мөлшерін, салығын және жалға беру құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Топырақ зерттеу жұмысы келешекте егістік өнімдері көбейе ме, әлде азая ма деген мақсатта атқарылады. Осыдан-ақ топырақ құнарының қай деңгейде екенін білуге болады.

Осы сала бойынша жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Асқар Жолдоғұтов айтып берді. Сөзінше, облыстың жалпы ауданы 11846,0 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 9048,0 мың гектарды құрайды.

2025 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «ЖерЗҚЖЖМИ» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиалымен 535,0 мың гектар топырақ зерттеулері, 334,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін айқындау жұмысы жүргізілген. Бұл республикалық бюджет есебінен қаржыландырылыпты. Топырақ зерттеу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін айқындау істерінің далалық, зертханалық кезеңдерінде анықталған деректер нәтижесінде топырақ зерттеу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетінің электрондық карталары жасалған.

Сандық нұсқа

Электрондық топырақ картасы – топырақ түрлері, олардың қасиеті, орналасқан жері және балл бонитеті туралы ақпаратты қамтитын топырақ картасының сандық нұсқасы. Ол далалық зерттеу мен зертханалық талдау нәтижесі бойынша геоақпараттық жүйеде өңдеу арқылы құрылады. Жер пайдаланушылардың электрондық карталарға қол жетімділігін арттыру және оларды компьютерде немесе мобильді құрылғыда көру, топырақ туралы қосымша ақпарат алу мүмкіндігі – электрондық топырақ карталарының артықшылығы болып саналады.

Электрондық топырақ карталарын, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында ауыспалы егісті жоспарлау, қолданылатын тыңайтқыштарды анықтау және суару мақсатында пайдалануға болады. Ал орман шаруашылығында осы учаскеде өсіруге болатын орман түрлері анықталады. Құрылыста топырақ тұрақтылығын бағалау және құрылыс үшін оңтайлы орындар таңдалады. Экологияда топырақтың ластануын бағалау және оларды қалпына келтіру шаралары әзірленеді.

Талдауда электрондық карталарды топырақ деректерін талдау үшін пайдаланады. Орналасуды жоспарлауда елді мекендердің шекараларын кеңейту немесе өзгерту, зауыт пен фабрика, әртүрлі өндірісті орналастыруды қарастыру кезінде ауыл шаруашылығының сапалы, құнарлы жерінің ең аз шығыны бар жобаны жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, белгілі бір жердің деградациясын бақылау және қалпына келтіру бойынша уақытылы әрекет ету мүмкіндігі бар. Аймақтағы барлық аудан мен ауылдық округтің шағын масштабты топырақ карталарынан жиналған материалдар облыс топырағының таралу заңдылығы, оның қасиеті мен көлемі жөнінен нақты мәлімет береді. Нәтижесінде топырақ құрамы мен сапасына қарап, ауыл шаруашылығына пайдалануға қажетті жер қоры анықталады.

Республика көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ құнарлығын қалпына келтіру және арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 маусымында ҚР Премьер-Министрі орынбасарымен «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 2024 – 2030 жылдар кезеңіне топырақ құнарлығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі шаралар» Жол картасы бекітілді.

Осы Жол картасын іске асыру үшін биылғы 28 қаңтарда об- лыс әкімінің бірінші орынбасары «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 2024-2030 жылдар кезеңіне топырақ құнарлығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі шаралар» аймақтық Жол картасын бекітті.

Экожүйенің бұзылуы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде су эрозиясына қарсы күрес жөніндегі іс-шараны жүргізу үшін 4 аудан бойынша 7 ауылдық округ жерлеріндегі тозған ауыл шаруашылығы алқаптары таңдап алынды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы жерлерінде дефляцияға (жел эрозиясына) қарсы күрес бойынша топырақ қорғау іс-шарасын жүргізу үшін 4 аудан бойынша 6 ауылдық округ жерлерінде жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылығы алқаптары қарастырылды. Іске асырылған жұмыстар бойынша дайын материалдар облыстың уәкілетті органына табысталды.

Соңғы жылдары топырақ құнарлылығы табиғи және антропогендік әсердің нәтижесінде төмендеп келеді. Соның ішінде ең қауіптісі – топырақ эрозиясы. Эрозия – топырақтың жел, су немесе адамның шаруашылық әрекетінен бұзылып, шайылып, ұшып кетеді. Бұл үдеріс топырақ қабатының жұқаруына, өсімдіктердің нашар өсуіне, экожүйенің бұзылуына әкеледі.

Топырақ эрозиясы 3 түрге бөлінеді. Олар су, жел және антропогендік эрозиялар.

СУ эрозиясы – топырақтың жоғарғы қозғалмалы қабатын шайып әкетеді. Бұл қоректік заттарды құртады. Көбіне мұндай үдеріс өңделген төбе мен беткейлерде байқалады. Жаңбырдың әсері топырақтың біртұтастығын бұзады және оның құрамын шайып, жердің төменгі рельефтеріне жинап тастайды. Дегенмен, су эрозиясынан қарқындылығы көп жағдайда өсірілген дақылдың түріне, өсімдік қалдықтарының мөлшеріне және еңіс бұрышына байланысты.

ЖЕЛ эрозиясы – барлық өңделген жерде байқалады. Жел топырақтың үстіңгі қабатын ұшырады және топырақтың беткі қабатын ұзаққа апарады. Бұл құнарлы қабатты жоғалтады. Жел эрозиясы қарқындылығы желдің жиілігі және жылдамдығымен анықталады. Ол бұта мен ормандар жоқ жерде көбірек байқалады. Көбіне ауыл шаруашылығы дақылдарының жел эрозиясынан зақымдануы ерте көктемде білінеді. Жаңа өсіп шыққан дақылдар жұлынып, тамыры құрғап, топырақтың ұсақ бөлшектері дақылдарды жауып, көміп тастайды.

Сондай-ақ, топырақ құрамындағы тыңайтқыш компонент пен пестицид қалдықтары жел эрозиясын әсерінен басқа жерге тасымалданады. Құмды және құмды массивтер бағалы жайылым болып саналады. Құмды жердің жеңіл механикалық құрамы дефляцияға ұшырауға бейім. Сондықтан бұл жайылымдық жерді ұтымды пайдаланып, құмның ыдырап, жылжымалы жайылымға айналуына жол бермеу керек. Ол үшін құмды жайылымды жақсартуға бағытталған эрозияға қарсы қарапайым шаралар кешені жүргізіледі.

Антропогендік эрозия – адам әрекеті әсерінен болады. Мәселен, олар ормандардың кесілуі, шамадан тыс жайылым, жерді дұрыс өңдемеу, ирригациялық жүйелердің бұзылуы болып табылады.

Эрозияға қарсы күрес

Топырақты қорғау жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асады. Оларға су эрозиясына қарсы іс-шара жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды қамтитын ұйымдастыру-экономикалық жұмысты дайындау, ауыл шаруашылығы мелиоративтік шаралар және орман-су мелиорациясын қорғау жатады. Топырақты су эрозиясынан қорғау жұмысы жердің еңістігіне де байланысты. 2° градустан аспайтын жерде өсімдікті көлденең жолақтарға себу немесе контур бойымен отырғызу арқылы оңай азайтуға болады. 6°-қа дейінгі еңістікте орналасқан егістікте топырақты қорғау кеңінен қолданылады, соның ішінде сатылы жырту, бороздау, қазу және басқа да әдістер қамтылады.

СУ эрозиясымен күрес шаралары жақсы нәтижеге қол жеткізуге және топырақтың ұзақ жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Топырақтың жай-күйін жыл сайын бақылау қажет.

Оған мал су ішетін құдық пен өзен суының аздығы әсер етеді. Бұл құдық жанында топтасып шоғырланған малдың жерді таптап, жарамсыз күйге айналуына әкеп соғады. Сол себепті елді мекен маңындағы жайылымдар мал жаюға жарамсыз күйге айналуда. Жайылымның қалыпты жүктемесін қамтамасыз ету, олардың өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ауыспалы жайылым енгізіп, жайылымды жыл мезгіліне сәйкес пайдалануға ұмтылу қажет. Бұл ретте қоралардың және қыстайтын жерлерді дұрыс орналастырудың маңызы зор. Жайылымы мол, жеуге жарамсыз өсімдік өскен жайылымды түбегейлі жақсарту жұмысын жүргізген жөн. Сондай-ақ, жайылымды дұрыс ұйымдастырып, мал жаю керек.

Топырақтың тозуына жол бермеуге және құнары жоғарғы қабаттың сақталуын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешені топырақты жел эрозиясынан қорғайды. Ол үшін дәнді дақылдар мен көпжылдық шөпті жолақтарға егу, топырақ қорғайтын ауыспалы егіс қолдану, топырақ құрамының біртіндеп тозуына жол бермейтін тығыз өсімдік жамылғысын егу, аумағы жауын-шашынсыз аймақта орналасқан жерге суару желісін орнату, жүгері, күнбағыс сияқты биік дақылдарды отырғызу керек. Мұндай өсімдіктер желге тиімді қорғаныс тосқауылына айналады және жел эрозиясының жылдамдығын, топыраққа теріс әсерін айтарлықтай төмендетеді.

Ал ылғалды жинақтау үшін мамыр айының ортасында қыша немесе жүгері сияқты биік өсімдіктер отырғызылады. Бұл жағдайда өсімдіктер тез өседі, бірақ тұқым беріп үлгермейді. Қыста қардың біркелкі таралуын қамтамасыз етуге және күшті желдің топыраққа теріс әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ауыспалы егіс алқаптарының шекараларына желге қарсы орман жолақтары отырғызылады. Жолақ аралық қарды нығыздау арқылы қарды ұс- тау – көктемде топырақтың қатуын азайтуға және оның ылғалдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өнімділікке оң әсерін тигізіп, өсімдік тамырын қатып қалудан сақтайды.

ТОПЫРАҚ эрозиясы – табиғи байлықты жоғалтуға алып келетін маңызды экологиялық мәселе. Онымен тиімді күресу үшін кешенді шаралар қажет. Мәселен, ғылыми негізделген ауыл шаруашылығы технологияларын қолдану, орман отырғызу, су ресурстарын дұрыс басқару және жерді ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана топырақтың құнары сақталып, ұрпаққа сапалы жер ресурсын қалдыруға болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.