Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖОМАРТ ЖАН» ТӨСБЕЛГІСІН ТАБЫСТАДЫ

22 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ: ОБЛЫС ӘКІМІ "ЖОМАРТ ЖАН" ТӨСБЕЛГІСІН ТАБЫСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және белсенділерімен кездесу өткізіп, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан жандарды марапаттады.

Алдымен Жетісу жерінің жетістіктеріне тоқталған Амандық Ғаббасұлы келер жылға деген жоспарымен бөлісті.

– Биылғы жылды жақсы көрсеткішпен аяқтап отырмыз. Облыстық мәслихатта келер жылдың бюджетін бекітіп үлгердік. Шешімін таппай жатқан мәселелерді жыл соңына дейін орны-орнымен шешеміз деген ойымыз бар, – деген облыс әкімі бірқатар мәселелерге тоқталды. – Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы бізді Нұр-Сұлтан қаласына шақырып, кездесу өткізді. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретінде көптеген мәселені алдымызға міндет ретінде қойды. Өткен жыл еліміз үшін үлкен саяси шешімдер қабылданған жыл болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткізіп бергені күллі әлемнің назарын аудартты. Одан соң ашық бәсеке негізінде өткен сайлауда Тоқаев айқын басымдықпен алға шықты. Сол сайлауда Алматы облысының жақсы нәтиже көрсеткені белгілі. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын халықтың бірауыздан қолдауы көңілімізді қуанышқа кенелтті. Билікті бейбіт жолмен өткізу еліміздің қоғамдық және ішкі саясаттағы табысты қадамы болғаны анық.

Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың негізін қалыптастыруға үлкен үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіретін ұйым екендігіне тоқталған облыс әкімі Амандық Баталов 28 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының оң бағаланғанына баса назар аударды. Сондай-ақ, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің марапатына ілінген «Элефтерия» Алматы облыстық гректер қоғамы» мен «Бірлік» жастар қауымдастығының» республикадағы ең үздік бірлестіктер деп танылуымен құттықтаған өңір жетекшісі сөз кезегін «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аумақтық штабының белсендісі Владимир Чеппельге, «Милосердие» қоғамдық-қамқоршылық қорының атқарушы директоры Лариса Янинаға, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Закиржан Кузиевке кезекпен беріп, пікірлерін тыңдады.

Алқалы жиын соңында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаевтың, «Алматы облыстық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Беликтің, Еңбекшіқазақ ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Савелий Карасивидидің және «Қазақстан ұйғырларының республикалық орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Закиржан Кузиевтің кеудесіне «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалін қадаған Амандық Ғаббасұлы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуда белсенді жұмыс атқарып жүрген отыздан астам азаматқа Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасын, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатын және облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.