Талдықорған: +9°C
$ 526.02
€ 607.55
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен қыздар: Бас прокурор депутат Бапиге жауап берді

02.05.2025
КҮНДЕРЕК
Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен қыздар: Бас прокурор депутат Бапиге жауап берді
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен қыздар қызу талқыға түскеннен кейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Бас прокурор депутаттың сауалына жауап беріп, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, депутаттық сауалда көтерілген, киіз үйде би билеп, бейəдеп əрекетімен қоғамның назарын аудартқан бейнеролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген.

«Бұл дерек бойынша Қарасай ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігімен (əлеуметтiк, ұлттық, рулық, нəсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», — деп жазылған жауапта.

Бас прокурор Берік Асылов Атыраудағы жайтқа қатысты да пікір білдірді.

«Атырау облысындағы оқиға бойынша құқыққа қайшы əрекет жасаған 4 қыз сот шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) əкімшілік жауапқа тартылды: Ф.Қ.А (78 640 теңге айыппұл), Ғ.Қ.Х. (заңды өкілі анасына 39 320 теңге айыппұл), Н.А.А. (заңды өкілі анасына 39 320 теңге айыппұл), М.К.Н. (15 тəулікке əкімшілік қамақ)», — деді ол.

Бұл дерек бойынша да 2025 жылғы 27 наурызда Атырау қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 372-бабымен (мемлекеттік рəміздерді қорлау) соталды тергеп-тексеруді бастаған.

«Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды, мəн-жайлар бойынша сауалда көрсетілген уəждер тексеріледі. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады», — деп сендірді Бас прокурор.

Бұдан бөлек депутат түр-түсі бұрмаланған Қазақстан туы Wildberries Russ маркетплейсінде 5000 мың теңгеден еркін және ашық саудада сатылып жатқанын да сынаған еді.

«Қылмыстық қудалау органы Ozon маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқықбұзушылықтар жəне басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнінде ұсынысты қылмыстық іс шеңберінде жолдады. Нəтижесінде Ozon сайтынан жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сату туралы, сондай-ақ, кез келген діни материалдарға қатысты барлық жарнама алынып тасталды», — деді ол.

Сонымен қатар, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі маркетплейстерде діни материалдардың таралуын заңнамалық реттеу мəселесін қарастырып жатқаны белгілі болды.

«Онлайн-платформалар мен масс-медиада жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, зайырлы мемлекеттегі дін, киберқауіпсіздік, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, қазақ мəдениетінің дəстүрлі құндылықтары жəне т.б. туралы ақпараттық-түсіндіру контенттері жарияланып жатыр. …Діни экстремизмнің жəне терроризмнің алдын алу жəне болдырмау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар тиісті жұмыстарды жалғастырып жатыр», — деді Асылов.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты жауапты мекемелерден шұғыл шараларды қолға алуды сұраған болатын.

Коллаж: dalanews.kz

Қатысты жаңалықтар

Табиғи ландшафты сақталған саябақ

Табиғи ландшафты сақталған саябақ

08.11.2025
Волейбол: «Жетісу» көшбасында

Волейбол: «Жетісу» көшбасында

08.11.2025
Ғалымжан Маманбаев: «Сарқан туризмнің қайнар көзіне айналады»

Ғалымжан Маманбаев: «Сарқан туризмнің қайнар көзіне айналады»

08.11.2025
«Алтын  қасықтың» дәмді тұшпарасы

«Алтын қасықтың» дәмді тұшпарасы

08.11.2025
Бір келі сиыр етінің бағасы 15-20 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

Бір келі сиыр етінің бағасы 15-20 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.