Астана мен еліміздің 16 облысында 22 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысында аздап қар жауып, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда тұман мен көктайғақ болжанады.
Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Түркістан қаласында да тұман түсу ықтималдығы жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы мен Қонаевта түнде көктайғақ, тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз де қар жауып, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда да осыған ұқсас ауа райы болжанады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысында түнде және күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз жаяу бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз аздап қар жауып, бұрқасын жүреді. Солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде қар жауып, күндіз бұрқасын болады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, бұрқасын жүреді. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Оралда да осындай ауа райы болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде аздап қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Батысы мен шығысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман мен көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Таразда да тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.
Астанада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.





