Талдықорған: +28°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Туризм төрі – Жетісу

30.12.2025
КҮНДЕРЕК
Туризм төрі – Жетісу
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуға келген әрбір қонақ тек саяхаттап қана қоймай табиғатпен тілдесіп, тарихпен сырласып, рухани байып қайтады. Өңірдің туризмі тұтас елдің мақтанышы. Осы ретте облыста 3 күндік блог-тур ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға Өскемен, Астана, Шымкент және Алматы қалаларынан блогерлер мен журналистер келді. Тур барысында қатысушыларға өлкенің туристік әлеуеті, тарихи-мәдени мұралары мен өндірістік нысандары таныстырылды.

Әр өңірден келген блогерлерді «Visit Zhetysu» туристік орталығының өкілдері күтіп алды. Оларды орталықтың жұмысымен таныстырды. Әуелгі сапар Қаратал ауданындағы қасиетті орыннан бастау алды. БАҚ өкілдері Ескелді би кесенесіне барып, баба рухына тағзым етті. Ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның рухани мұрасымен танысты. Одан кейін Үштөбе қаласындағы аудандық өлкетану музейіне аялдап, Жетісу жерінің тағылымды тарихына қанықты. 400-ге жуық экспозициялық құнды жәдігерлер қойылған мұражай қонақтарды тәнті етті. Мұнда біздің заманымызға дейін мекен еткен динозавр дәуіріндегі деректер мен жәдігерлер қойылған.

Қаратал тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Ерлан Оңдасынұлы:
– Палеонтологтардың зерттеулері бойынша Жетісу жері, әсіресе Қаратал ауданы ежелгі тарбозавр, динозаврлардың өмір сүруіне өте қолайлы мекен болған. Себебі суы мол, жылы орманды, жайлы екені деректерде кездеседі. Бұл жөнінде ғалымдардың жазбаларында анық жазылған, – дейді.

Блог-тур одан әрі Талдықорған қаласында жалғасын тапты. Мұнда қонақтар Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейді аралап, қазақ әдебиетінің алып тұлғасының өмірі мен шығармашылығына үңілді. Сонымен қатар «Жазиля» кондитерлік цехына барып, мекеме басшысымен сұхбаттасты.

100 түрлі тәттілерді ұсынатын кондитерлік цех жұмысын осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Жетекшісі Жазиля Темірбекова Франция елінде тәтті тағамдарды әзірлеу бойынша 10 жыл арнайы білім алған екен.

– Мен тәттілерді бала күнімнен жасайтынмын. Кейін Францияда арнайы білім алып тәжірибемді жетілдірдім. Елге оралып ондай тәттілерді елімізде, өзім туып-өскен қалада пісіруді жөн көрдім. Бүгінде экзотикалық жемістерден де тәттілер жасаймын. Алғашында шағын цех аштық, кейін кеңейттік. Жеміс-жидектерден басқа қолданылатын азық-түліктерді облысымыздың өндіріс орындарынан аламын. Бұл, бір жағынан, өзіміздің өндірісті қолдау деп есептеймін, – деген кәсіпкер бар тәттісін қонақтарға ұсынды.

Блогерлер бағдарлама аясында облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевпен де кездесті. Ашық форматта өткен жүздесуде өңірдің туризмін дамыту, экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері қозғалды. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Блог-турдың екінші күні Ескелді ауданы Сырымбет ауылындағы «TekTau» бал өндіру зауытынан басталды. Қатысушылар табиғи өнім өндірудің толық процесін көзбен көрді. Бұдан соң Талдықорған қаласындағы «JLC» сүт зауытына экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар өндіріс барысымен танысып қана қоймай, дайын өнімдерден дәм татты. Ал Көксу ауданы Балпық би ауылындағы қант зауыты өңірдегі өнеркәсіптің әлеуетін айқындай түсті. Айта кетерлігі, барлық нысандарда қонақтарға жергілікті өнімдер ұсынылып, туристік ақпараттық орталық «Visit Zhetysu» ұжымы дайындаған естелік сыйлықтар тарту етілді.

Күннің екінші жартысында топ «Қызылтас – Тасбақа» туристік орнына барып табиғи ландшафттың көркем келбетін көрді. Кешкісін қатысушылар Бикен Римова атындағы Талдықорған академиялық драма театрында болып, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиялық қойылымын тамашалады.

Қонақтар тур барысында өңірдегі кәріс, өзбек, орыс, қазақ асханаларымен де танысып, ондағы ас мәзірін әлеуметтік желі арқылы жарнамалады.

«Visit Zhetysu» туристік орталығының басшысы Жандос Нұриев:
– Бүкіл әлемде осындай тенденция қалыптасып жатыр. Туризмді дамыту үшін тек демалыс орындары мен көрікті жерлерге көңіл бөліп дамыту ғана емес, әр өңірдің салты мен ас мәзірін келген қонақтарға таныстырып, дәм татқызады. Ең бірінші, халыққа дұрыс ақпарат беру танымын кеңейткен жөн. Сондықтан осы іс-шара ұйымдастырылуда. Алакөлге, Балқашқа келетін туристер көбіне Талдықорғанды басып өтеді. Сол себепті біз оларға Талдықорғанда да демалатын, жақсы тамақтанатын орындар барын көрсету мақсатында блог-тур өткізудеміз, – дейді.

Үш күндік блог-тур Текелі қаласында қорытындыланды. Қонақтар бай мәдени мұраға ие шаһардың қасиетті орындарын аралап, қаланың тарихына көз жүгіртті. Сонымен қатар елімізге кеңінен танымал текелілік пряник өндіретін фабрикаға барып, ұлттық тағам өндірісінің қыр-сырына қанықты. Мұнда «Алақай» кондитерлік фабрикасының жұмысы таныстырылып, кейін Қазақстандағы ең биік сарқырама Бұрқанбұлаққа апаратын жаңа автожол құрылысының барысы көрсетілді. Сондай-ақ, Будда тасы, қаланы жоғарыдан тамашалауға мүмкіндік беретін шолу алаңы және «Ньяла резиденциясы» демалыс аймағына шолу жасалды.

Тур қатысушылары Жетісу өңірінің алуантүрлілігі мен ерекше колоритін жоғары бағалады. Көне тарих пен заманауи өндіріс, рухани құндылық пен кәсіпкерлік қатар өрілген бұл өлке көпшілік үшін жаңа қырынан ашылды. Үш күндік сапар блогерлер мен туроператорларға мол әсер сыйлады.

– Біз 3 күннен бері Жетісу жерінің тамаша табиғатын, өндіріс ошақтарын көріп таң-тамаша болдық. Алуан түрлі дәмін таттық. Жетісу қай жағынан алып қарасақ та нағыз ғажап мекен. Асханасын айтайық, басқасын айтайық, көп облыстан көші ілгері екенін аңғардық. Болашақта бұл жаққа туристердің ағылатынына еш күмән жоқ, – дейді жезқазғандық блогер Ұлан Әлімбек.

Ауқымды әрі мазмұнды пресс-блог-тур қатысушыларға Жетісу облысының туристік және экономикалық әлеуетін тереңірек тануға жол ашты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара өңірдің мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға серпін берді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.