Талдықорған: +26°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлт тағдырына үн қосу

22.11.2025
КҮНДЕРЕК
Ұлт тағдырына үн қосу

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

«Газет – өзі бір күндік, сөзі мың күндік»! Сондықтан қатенің кетпеуі, ойдың нақты жеткізілуі, мақаланың мазмұны қатаң қадағаланады. Бұл – ұжымдық еңбектің жемісі. Корректордан бас редакторға дейін бір мақсатқа жұмылады. Интернет пен әлеуметтік желілер де бүгінде ақпарат кеңістігінің бір бөлшегіне айналғаны рас. Алайда, баспасөздің ұлт санасын тәрбиелеп, рухани тұтастықты сақтаудағы рөлін әлеуметтік желі алмастыра алмайды.

Мерзімді басылымдардың бүгінде басынан бағы тайғандай көрінетіні рас. Цифрлы дәуір ақпаратты жылдам таратуды үйретті, бірақ, мазмұнның тереңдігі мен сөздің салмағын жоғалтты. Баспасөзде мақала асықпай, ойланып, нақты дерек пен дәлелге сүйеніп жазылады. Онда ақпарат қана емес, ой, ұстаным, тәрбие бар. Газетте жарияланған әр мақала – елдің шежіресі.

Қымбатшылық қыспағына түскен қазіргі қоғамда көпшілік баспасөзге жазылуды кейінге ысырып қойғаны жасырын емес. Бірақ газетке жазылу – тек ақпарат алу емес, ол – ұлттың тағдырына, тілдің тазалығына, елдің бірлігіне үлес қосу деген сөз. Қазақ баспасөзі «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттерінен бастау алып, елдің еңсесін көтеруге, халықтың ойын оятуға қызмет етті. Ол дәстүрді біздің «Jetisy» газеті де сақтап келеді. Баспасөздің тәрбиелік маңызы ерекше. Ұлттың ой-санасын қалыптастырады, жастарға бағыт береді. Бүгінгі газет беттерінен елдің тарихы, әдебиеті, өнері, ғылымы, тұрмыс-тіршілігі, тіпті ауылдың тынысы да қалыс қалмайды. Кейде бір мақаланың өзі адамның дұрыс жолды таңдауына бағыт көрсететіні шындық. Әр дәуірдің баспасөзі – сол уақыттың айнасы. Газет-журнал қоғамдағы әділдік пен шындықтың, рухани тәрбие мен мәдениеттің жаршысы.

Қазіргі заманда әлеуметтік желілер өміріміздің бөлінбес бөлшегі. Олар да қоғамға әсер етіп отыр. Бірақ ондағы жарияланған дүниелердің ақиқаты мен жалғанын ажырата алмайтын болдық. Газеттің артықшылығы – сенім мен жауапкершілігінде. Баспасөз сондай-ақ, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Газет журналистері ел арасына жиі шығып, көптің көкейіндегісін басылым арқылы әкім-қараларға жеткізіп жатады.

Газеттерде ұрпаққа өнеге болатын ерлік, еңбек, адалдық, мейірім, әділет сынды қасиеттер жайлы мақалалар үзбей жарияланады. Баспасөз беттерінде халықтың тағдыры мен тіл тағдыры қатар өріледі. Газет-журнал оқыған ұрпақ ешқашан жалған ақпаратқа ермейді, себебі оның талғамы мен танымы жоғары болады.

Баспасөз бар жерде әділдік, ақиқат, рух бар. Газетті қадірлеу – өзімізді қадірлеу. Оған жазылу –ұлт тағдырына үн қосу.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Өмірі ұрпаққа өнеге

Өмірі ұрпаққа өнеге

09.05.2026
Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2026
Аңызға айналған аға

Аңызға айналған аға

09.05.2026
Бір хаттың көмегі

Бір хаттың көмегі

09.05.2026
Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.