Талдықорған: +10°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлт жадының алтын қоры

20.12.2025
КҮНДЕРЕК
Ұлт жадының алтын қоры
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайы ғимаратында архив саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Архившілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Рухани шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мемлекеттік архиві ұйымдастырды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 қаулысына сәйкес 22 желтоқсан – Архившілер күні болып бекітілген. Бұл күннің таңдалуы тегін емес. Себебі 1998 жылы дәл осы күні елімізде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң қабылданып, архив ісінің құқықтық негізі қаланды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ел тарихын сақтау жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

Архив – мемлекеттің жады, ұлттың рухани қазынасы. Архив қызметкерлері көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты әрі маңызды қызмет атқарып келеді. Сіздер тарихи әді- леттілікті сақтап, құнды құжаттарды келер ұрпаққа ама- нат етіп жеткізіп отырсыздар. Бүгінде архив саласы цифрландыру арқылы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбек- теріңіздің айқын нәтижесі. Барша архив саласы қыз- меткерлеріне зор денсаулық, толағай табыс тілеймін, – деді басқарма басшысы.

Шара барысында облыстық мемлекеттік архивінің директоры Гүлжихан Истамбекова архившілердің ел тарихын сақтау, құжаттық мұраны жүйелеу, цифрландыру және болашақ ұрпаққа жеткізудегі еңбегін ерекше атап өтті.

Архив – өткен мен бүгінді, тарих пен тағдырды жалғайтын алтын көпір. Архив қызметкерлері – сол көпірдің берік тірегі. Біз құжаттарды ғана емес, тұтас ұлттың жадын сақтап отырмыз, – деді архив басшысы.

Сөз кезегінде архив саласының дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларын да таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста 11 мемлекеттік архив мекемесі жұмыс істейді. Онда 127 қызметкер еңбек етеді. Облыс архивтерінде 2 855 қорда сақталған 722 713 сақтау бірлігі бар. Құжаттардың хронологиялық кезеңі 1850 жылдан бастап бүгінге дейінгі уақытты қамтиды.

Соңғы жылдары архив саласында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Электронды архив» ақпараттық жүйесі арқылы миллиондаған парақ құжат сандық форматқа көшіріліп, азаматтарға көрсетілетін архивтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артты. Тек 2025 жылдың 11 айында ғана архив мекемелері 25 мыңнан астам сұранысты орындаған.

Мерекелік жиын барысында архив саласының үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет жә- не ақпарат министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің және салалық басқарманың Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік архивист», «Үлгілі қызметкер», «Үздік филиал» номинациялары бойынша арнайы статуэткалар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт, ақын Әміре Әрін жылы лебізін білдіріп, салтанатты шараның архив саласы қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрметтің, архив ісінің қоғамдағы маңызын айқындайтын тағылымды басқосуға айналғанын атап өтті.

Архившілер күні – өткен мен бүгінді жалғап, ұлт жа- дын сақтауға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалайтын маңызды күн екені тағы бір мәрте айқындалды.

Қ. ОМАРАҚЫН

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.