Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар барлық салада қарқынды дамып, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстар жаңа белеске көтерілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кездесу барысында Ресей Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы тауар айналымының оң динамикасын ерекше атап өтті. Былтырғы көрсеткіштер жоғары деңгейді көрсетсе, биыл да тұрақты өсім сақталып отыр. Тараптар күн тәртібіндегі ірі жобаларды, екіжақты уағдаластықтарды және Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысын сараптады. Әсіресе білім беру және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың артуы серіктестіктің беріктігін айғақтайды. Қазіргі таңда 60 мың қазақстандық студент Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуда, сонымен қатар Омбы қаласында отандық маңдайалды ЖОО филиалы өз жұмысын бастады.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықты нығайту мүмкіндіктерін, өзара мүддеге сай келетін бірлескен жобаларды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.





