Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӘУЕЖАЙ МАҢЫНАН ЗАҢСЫЗ ЖЕР САТҚАНДАР КІНӘСІН ТОЛЫҚ МОЙЫНДАДЫ

6 мамыр 2021
КҮНДЕРЕК
ӘУЕЖАЙ МАҢЫНАН ЗАҢСЫЗ ЖЕР САТҚАНДАР КІНӘСІН ТОЛЫҚ МОЙЫНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар аудандық сотында әуежай маңынан заңсыз жер берген экс-шенеуніктерге қатысты іс аяқталуға жақын. Соттағы соңғы сөзін сөйлеген экс-шенеуніктер бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл жайында толық мәлімет «Қазақпаратқа» жарияланды.

Соңғы сөзін сөйлеген экс-шенеуніктер өз кінәсін толық мойындады және қатты өкінетінін жеткізді. Олар өздерін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Себебі, олардың 3-4-тен кәмелет жасына толмаған балалары бар. Және басым бөлігі — үйдің жалғыз асырушылары. Сонымен қатар, олардың ата-анасы — егде жастағы адамдар.

Тек риэлтор Нұрайым Алданыш қана өз кінәсін мойындамады. Ол өзінің кінәсі құжатпен дәлелденбегенін айтты. Оның қорғаушысы Азамат Бакенов Н.Алданыштың бұл іске қатысы жоқ екенін жеткізді. Риэлтордың кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар. Қорғаушының сөзінше, риэлтор жер сатумен ғана айналысқан. Ал рәсімдеу жұмысымен айналыспаған. Сондықтан оның кінәсі жоқ екенін алға тартты қорғаушысы.

— Риэлтор жерді сатып бер деген адамдардың жарнамасы бойынша жұмыс істеді. Ал сол жердің иелері бұл істе жоқ. Нұрайым Алданыштың бұл істе кінәсі жоқ, — деді қорғаушысы.

Айта кетейік, бұған дейінгі процесте прокурор экс-шенеуніктерді, яғни, барлық сотталушыларды 4 жылдан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Қазір осы іс бойынша алты адам сотталып жатыр. Оның бесеуі — экс-шенеунік. Олар — Рустам Тұрысбеков, Жарас Машимбаев, Берік Абдуллаев, Медеу Қалыбеков, Қайрат Алтынбекұлы және риелтор Нұрайым Алданыш.

Риэлтор қамауда отыр. Ал бұрынғы шенеуніктер үйқамақта. Прокурор Рустам Тұрысбековке — 6 жыл қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеуге және 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды, Жарас Машимбаевты — 4 жылға бас бостандығынан және оны да 7 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, Қайрат Алтынбекұлын 5 жылға бас бостандығынан айыруды және 6 жыл мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салуды, Медеу Қалыбеков — 4 жыл, Берік Абдуллаевқа — 4,5 жыл, ал риелтор Нұрайым Алданышты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Прокурордың сөзінше, заңсыз үй салу бойынша сотталушылардың кінәсі құжатпен дәлелденген және куәгерлердің де дәлелі бар. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы барлық үйқамақта отырған бұрынғы шенеуніктерді сот залында қамауға алуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсаныңда «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ биіктікті сақтай алмай, әуежай маңындағы бетон қоршауын бұзып өткен. Артынша екі қабатты тұрғынүйге соғылады, 12 адам мерт болып, 69 адам зардап шеккен еді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.