Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қыс жылы болады»: Қазгидромет қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады

17 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
"Қыс жылы болады": Қазгидромет қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазгидромет мамандары ел бойынша қарашадан наурыз айларына дейінгі консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, алдағы қыста Қазақстан аймақтарында салыстырмалы түрде 1-2° жоғары болады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, қараша айында жылы және аязды күндердің жиі алмасуы күтіледі. Бір ай ішінде жауын- шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері бұрқасын болуы мүмкін. ҚР аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болжанған.

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінің екінші жартысында аязды ауа райы айы болжанған. Ауа температурасы солтүстікте түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін болады.

Ал елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін болмақ. Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы күндіз +8+17°С дейін күтілуде. Ал солтүстік жартысында +3+10°С дейін болмақ. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° градусқа жоғары болмақ. ҚР қиыр солтүстігінде — нормадан 1° төмен болады деп күтілуде.

Мамандар жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда — нормадан көп жауады деп болжауда.

Сондай-ақ, синоптиктер 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы секілді жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын тіпті одан да көп болады деп болжауда. Суық түскен кезде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады.

“Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады. Қаңтар және ақпан айларында ҚР басым бөлігінде жауын — шашын норма шамасында және нормадан көп болады. Ал желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтілуде”, – деді Қазгидромет. 

Мамандар наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2°-қа жоғары болады деп болжауда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп күтілуде.

Дереккөз: Stan.kz 

Фото: celes.club

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.