Талдықорған: +39°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚЫЗЫЛША ЖИНАУДАН БІРІНШІМІЗ! ЕСКЕЛДІ ӘКІМІ ГАЗЕТКЕ СҰХБАТ БЕРДІ

12.12.2022
КҮНДЕРЕК
ҚЫЗЫЛША ЖИНАУДАН БІРІНШІМІЗ! ЕСКЕЛДІ ӘКІМІ ГАЗЕТКЕ СҰХБАТ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданы облысымыздағы өркенді, шаруасы ретті өңірлердің бірі. Кейінгі жылдары аудан жемісті еңбек етіп, нәтижесі жыл санап өсіп келеді. Бүгінде осы ауданды басқарып отырған әкім Елдос Ахметовпен жүздесіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысқан едік.

– Жақында Ескелді ауданында болған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің қызылша жинаудан аймақ бойынша бірінші орынға шыққанын айтты және шаруалардың еңбегін жоғары бағалады.

– Иә, облыс 151 мың тонна қант қызылшасын өткізсе, соның 84 мың тоннасын (53 пайыз) біздің ауданның еңбеккерлері берді. Биыл қант қызылшасын 1500 гектарға ексек, келер жылы 1900 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жақында Ауыл шаруашылығы күнін өткіземіз, сонда шаруаларға сый-сияпат беріп, ел алдында алғыс білдіреміз. Аудандағы «Дүйсембинов», «Нам», «Хильниченко», «Есімжанов», «Досанов» сынды шаруа қожалықтары аудан экономикасының күретамырына айналған. Олар қазірден көктемгі егіске дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы 40 мың теңге болады. Бұл еңбеккерлер үшін тиімді баға.

– Аудан халқымен болған кездесуде облыс әкімі Қарабұлақтағы қант зауытының да жай-күйін сұрап еді, ол жағы қалай болып жатыр?

– Аудан орталығы Қарабұлақтағы қант зауыты 2013 жылдан бері істемейді. Зауыт жекеменшікке өтіп кеткен. Оның ішіндегі құрылғыларының біразы сатылып кетсе, қалғандары ескірген. Сондықтан қайтадан қант зауыты болады деп айта алмаймын. Егерде зауытты қайтарып алсақ, ет өнімдерін жасайтын кәсіпорын ашуға болар еді. Оған аумағы да, өндіріс орнының ішкі құрылымы да келіп тұр.

– Қазір бар жерде үшауысымды мектепті болдырмау жолы қарастырылуда. Ауданда жалпы білім беру орындары қаншалықты талапқа сай?

– Әлемді алға жетелейтін күш – білім. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы болатын бүгінгі ұрпақ сапалы білім алып, саналы өсуі керек. Сондықтан бұл салаға да ерекше көңіл бөліп келеміз. Ауданда барлық мектеп екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Апатты жағдайдағы білім ошақтары жоқ, тек ескіргендері де бар. Мәселен, Ешкіөлмес ауылындағы ескі мектепті көрген облыс әкімі бюджеттен арнайы қаражат қарастырып, келесі жылы жаңа ғимарат құрылысын бастауға рұқсат берді. Білім ошағы салынатын жер «Хильниченко» шаруашылығына тиесілі болатын, қожалық иесі жерді Үкіметке қайтарып, мектеп салуға келісті. Келесі жылы жобалық құжат дайын болса, алдағы уақытта жаңа мектеп толық салынып бітеді. Басқа ескі мектептерді де назардан тыс қалдырмай, дәл қазіргі сәтте жылу температурасын қалыпты ұстап, бәрін бақылап отырмыз. Оны әр жұма сайын әкімдіктегілер де қадағалап тұрады.

– «Jetіsý» газетін парақтап отырамын дедіңіз ғой. Тамыздағы бір санында Ғали Орманов, Сайын Мұратбеков сынды қазақ әдебиеті алыптарының кіндік қаны тамған Қоңыр ауылындағы Мәдениет үйі туралы материал жарияланды. Ғимараттың ат қораға айналғанын көргенде жүрек ауырған еді.

– Иә, көрдік, бүгінде жұмыстар жүріп жатыр. Кезінде жекеменшікке өтіп кеткен Мәдениет үйін жақында ауылдың кәсіпкері Александр Софин сатып алып, мемлекетке өткізді.  Дәл қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Егер қайта жөндеуге келетін болсақ, бұрынғы Мәдениет үйін қалпына келтіреміз, ал мүлдем жарамсыз болса, онда облыс әкімінің өзі жаңа ғимарат салуға қаражат бөлетінін айтқан. Бұл іс тікелей облыс басшысының назарында.

– Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Конституция күнінде аудандағы Өрқусақ ауылына келіп, салтанатты түрде газды іске қосып кеткен еді. Сол кезде өзіңізге де газға байланысты тапсырмалар жүктеген.

– Әлеуметтің әлеуеті жақсарса, даму қарқыны да бәсеңдемейді. Қазіргі уақытта облысымызды газдандыру жұмысы жүйелі жүріп жатыр. Бұл жағын облыс басшысы да қадағалап, газ орнатуды халықтың жағдайына қарай қымбат бағамен емес, қолжетімді етуді тапсырған. Біздің ауданда газ тарту 2020 жылы басталды. Қарабұлақ ауылында 160 шақырым газ құбыры тартылып, бүгінде 190 абономент қосылды. Жақында ғана облыс әкімі өзі іске қосқан Өрқусақ ауылындағы газдың игілігін  тұрғындар көріп отыр, әлі де өтінімдер түсіп жатыр. Аталған ауылда демеушілер бір үй мен мешітке өз қаражатынан газ тартып берді. Сол сияқты Сырымбет ауылында 29 үйде көгілдір отын бар. Екпінді ауылына да газ тартылды, жақын күндері пайдалануға берілмек. Тұрғындар өтінішті қазірден беріп жатыр. Матай Байысов, Көкжазық, Теректі, Қаратал ауылдарында газ тарту жұмыстары басталып кетті. Тағы 7 ауылға газ тарту жобасы бекітілді, келесі жылы жұмысы басталады. Осылайша аудан 2025 жылға дейін толық газбен қамтылатын болады.

– Жұмыс барысында кемшіліктің болатыны анық. Дәл қазір қандай мәселелер бар?

– Әрине, жұмыс болғаннан кейін кемшіліктер кездеседі. Әсіресе, мердігерлермен түсініспеушілік көп болады. Конкурс арқылы келген мердігер команиялардың көбісіне көңілім толмайды. Мәселен, Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткіземіз деп 3 жыл бұрын іске кіріскен мердігермен бүгінде соттасып жатырмыз. Ақтұма ауылын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға салғырт қараған мердігер комапнияға ескерту жасалды, бүгінде жұмысқа қайта кірісті. Кейбір мердігер компаниялар бар ісіне көңілің толады, сүйсінесің. Олар 1 шақырым жолды 1 күнде жасауы мүмкін. Өйткені  техникасы мықты, мамандары білікті. Ал кей компания сол жолды күн сайын аз-аздан жасап жүріп 1 айда аяқтауы мүмкін. Олардың адамы аз, техникасы да нашар. Кейбір мердігерлер 6-7 нысанды жөндейміз деп әр жерден алып алады да уақыт созады, одан қалса толық аяқтай алмайды. Олармен заң арқылы күрес жүргіземіз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан — Серік ҚАНТАЙ

Ескелді ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.07.2026
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

15.07.2026
Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.