Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зеңгір көкке жол салған

12.04.2025
КҮНДЕРЕК
Зеңгір көкке жол салған

Тылсым дүние мен тұмса табиғаттың жұмыр жүректі жаратылысқа не әзірлеп қойғаны беймәлім. Білсем, көрсем деген құштарлық пен аңсарлық өркениетке қарай жол іздеген пендені алға жетелеп келеді. Зеңгір көкке көз тігіп, сыр алғысы келетін адам ұрпағының қызығушылығында шек жоқ шығар сірә?! Он сегіз мың ғаламның әміршісі де жеті қат көктің есігін ең әлсіз жаратылысы үшін ашып қойғаны ақиқат.

Аспан әлеміне бүлдіршін күннен ынтықпыз. Ғарыштың құпиясын ашып, жер тұрғындарының алдында паш еткіміз келетінін жасырмайтынбыз да. Бұл балаң арманның орындалуы өте қиын екені ес кіргенде мойындалады. Дегенмен, әлемдегі жеті миллиард адамның осы күнге дейін тек 600-і ғарышқа ұшқан екен. Олар онда сан мың рет тәжірибе жасап, ғылымның дамуына өз үлестерін қосты.

Осыдан 64 жыл бұрын Қазақстанның Байқоңыр айлағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанғанда жандарын шүберекке түймеген жан болмаған шығар. Сол шақта адамдар «өзге ғаламшарлар бізге енді бар сырын ашады, аспан әлемін бағындырдық» деп қуанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр ғарыш айлағына айналды. Юрий Гагариннің аспан әлеміне шыққанда «Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма?» деген пікір білдіреді. Ал оның бұл сөзін Жаратушы ілім-ғылым дамымай тұрғанда Құран арқылы жеткізген еді.

Тоқтар Әубәкіров қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Талғат Мұсабаев қазақтың 2-ші, ал әлемде ғарышқа 3 рет ұшқан 309-шы ғарышкер. Айдын Айымбетов 10 күнге созылған сапарда ғарыштағы 5-ұлттық ғылыми-зерттеу бағдарламасын орындаған 3-ші қазақ ғарышкері атанды. Қазақтың санасында бұл үш тұлғаның аты-жөні мәңгі жаңғырып қала беретіні ақиқат.

Біздің ғарышкерлер күллі ғаламға Абайдың өлеңін, ұлттың намысы мен рухын танытты. Болашақ ұрпақ алдында бабаларының жүзі жарқын екенін көрсетті.

Айбыны асқақ ғарыш әлемінің жұлдыздары, мереке құтты болсын!

Фото: hi-news.ru

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.