Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың еміне мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат беретін өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Денсаулық сақтау министрлігі «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына қажетті өзгерістер енгізді. Ата-аналар енді зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асқан қаражатын өз балаларының емделуіне жұмсай алады.
Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы жинағының артық бөлігі орфандық аурулар, қалпына келтіру операциялары, радиохирургиялық емдер, тісті емдеу және басқа да медициналық қызметтерге пайдалануға болады.
Бұл өзгерістер 27 сәуірден бастап күшіне енеді.
Фото: pixabay.com