Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жабық мемлекеттер жайлы не білесіз? Қандай елдер саяхатшыларды қабылдамайды?

26 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Жабық мемлекеттер жайлы не білесіз? Қандай елдер саяхатшыларды қабылдамайды?
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын әлем аралап, саяхаттау жеңілдей түсті. Ең бастысы — уақыт, қаржы және виза. Дегенмен, жаһандану жағдайында да кез келген елге саяхаттап бар мүмкін емес. Кейбір елдер табиғаты мен ұлттық ерекшелігін сақтау мақсатында жабық болса, кейбіреуіне қарқынды жүріп жатқан соғыс салдарынан бару өте қауіпті.

Солтүстік Корея

Саяхатшылар үшін жабық жұмбақ мемлекет — бұл Солтүстік Корея, көпшілікке дәл солай көрінеді. Дегенмен, сіз аккредиттелген туроператор арқылы елге кіре аласыз. Ел ішінде турист гидсіз еркін жүре алмайтынын және қалаған жерді суретке түсіре алмайтынын түсінгеніңіз жөн.

Саяхатқа шықпас бұрын жергілікті ережелерді ескерген дұрыс, өйткені бұл елдің заңы қатал. Бірақ мұнда туристке шабуыл жасалу немесе тонау екіталай — Солтүстік Корея қылмыс деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі.

Түркіменстан

Түркіменстан да Солтүстік Корея сияқты әлемдегі туристер ең аз келетін елдердің бірі. Бұл мемлекеттің қатаң визалық саясатымен байланысты.

Елде саяхаттау кезінде кейбір аймақтарға бару туристік компания қызметкерлерінің жетекшілігімен ғана мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ал кейбір аймақтар шетел азаматтары үшін жабық. Түркіменстан заңнамасы елге келетін туристерді бағдарламада көрсетілген қонақүйлерде ғана орналастыруды талап етеді. Кейбір нысандарды фото және видеоға түсіру үшін арнайы рұқсат қажет.

Айтпақшы, мұнда Солтүстік Кореядағы сияқты, тіпті үлкен қалаларда да қылмыс деңгейі өте төмен. Шетелдіктерге қарсы қылмыстар өте сирек кездеседі.

Бутан

Бутан Корольдігі Үндістан мен Қытай арасында Гималайда орналасқан. Елге кіруге рұқсат алу үшін айлап күтуге тура келеді. Бірақ әуесқой саяхатшылар айтқандай, Бутан көруге тұрарлық ел, өйткені бұл жерді «бақыт мекені» деп атайды.

Айта кетсек, елде болған әрбір күн үшін 250 доллар төлеу керек. Бұл сомаға тұру, тамақтану және гид қызметі кіреді. Бірақ Бутан тоталитарлық мемлекет емес, ол демократиялық мемлекет. Тек бутандықтар жаппай туризм олардың мәдениеті мен табиғатына зиянын тигізеді деп үрейленеді. Қомақты ақша төлеу саяхатшылар санын шектеудің ең тиімді жолы болып табылады.

Бутанға келгендер өздерін ерекше сезінеді. Теледидар мен интернеттің пайда болғанына жиырма жыл ғана болған. Жаһандану Бутанды өте баяу жаулап алуда, ел үкіметі шетелдік компанияларды ішкі нарыққа шығаруға асықпайды, көшеде адамдар негізінен ұлттық киіммен жүреді.

Сомали

Африканың солтүстік-шығысындағы осы аттас түбекте орналасқан және солтүстігінде Аден шығанағымен, шығысында және оңтүстігінде Үнді мұхитымен шектесіп жатқан ел. 2021 жылдың соңында International SOS Сомалиді тағы да саяхаттауға ең қауіпті елдер тізіміне қосты.

Дегенмен, Африка мемлекеті осындай қауіпті жерлерде ерекше эмоцияға ие болуы үшін қыруар ақша төлеп келетін туристер арасында танымал. Сомали олар үшін таптырмас жер: үздіксіз соғыстар, мемлекеттік төңкерістер және қарақшылардың кемені басып алуы сияқты шытырман оқиғалары әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойларды тартпай қоймайды.

Дереккөз: kaz.tengritravel.kz
Фото: Бутан © pixabay.com/BoyKat

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.