Талдықорған: +7°C
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАЛҒЫЗ ҚАЛУ ӨЛІММЕН ТЕҢ. АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ӨЗ ЕСТЕЛІГІМЕН БӨЛІСТІ

29.04.2022
КҮНДЕРЕК
ЖАЛҒЫЗ ҚАЛУ ӨЛІММЕН ТЕҢ. АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ӨЗ ЕСТЕЛІГІМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

1986 жылдың 18 сәуірі менің есімде мәңгі сақталады. Өйткені, дәл осы күні қазіргі Талдықорған түбіндегі Көксу аудандық әскери комиссариатынан Отан алдындағы борышымды өтеуге шақырту алдым. Жан-жақтан жиналған біздерді ару Алматыдан сонау Қара теңіз жағасындағы Новороссиск қаласына алып келді. Осы жерде менің тағдырыма «үлкен тосынсый» жазылып қойғанын білдім. Өрімдей жастар Ауғанстанға аттанатымызды естідік. Менде ол жаққа барамын-ау деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бірақ Ауғанстанда қандай откешу жүріп жатқанын шамалап болсын түсінетінмін. Біздің ауылда Ауған жеріне барып қайтқан бірнеше жігіт бар еді. Олардың бірі көлік жүргізушісі, бірі сапер, енді бірі арнайы жасақ өкілі болатын. Яғни, Ауған жеріне баратындарды топтарға бөліп, аймақтарға таратып жібереді. Біз де осы кезеңді бастан өткердік. Алдымда қандай қиындық күтіп тұрғанын сезінсем де, сыр бермеуге тырыстым. Шынын айтсам, менің алдымда бір ғана тілек тұрды, ол – Ауған жеріндегі қан майданнан аман-есен оралу.

Біздің батальонда офицерлердің көбісі Ауғанстанда әскери борышын өтеп қайтқандар екен. Олар бізге бар білгендерін үйретіп, жол көрсетуге, бағыт-бағдар беруге тырысты. Қамқор жандардың арасында рота командирі, техника саласының маманы да болды. Біз Новороссиск қаласындағы автомобиль батальонында үш айлық дайындық оқу курсынан өттік. Онда бізді бірнеше осьті автомобиль жүргізушісі мамандығы бойынша оқытты. Үш айда көп нәрсе үйрендік. Физикалық тұрғыдан да, саяси білім жағынан да бауырлас Ауғанстан Республикасындағы интернационалдық міндетімізді орындауға дайын тұрдық.

Біздің рота 1986 жылдың 29 шілдесінде Кабул қаласына келіп түсті. Ұшағымыз сәтті қонғаннан кейін әуежайда әртүрлі бөлімнен офицерлер күтіп алды. Олар бізді әскери бөлімдерге бөлді. Мен Жалалабад бригадасының құрамын толықтырдым. Нангархар аймағы, Жалалабад қаласындағы №66 мотоатқыштар бригадасы менің ендігі етене араласқан әскери ортам болды.

Жетісу өлкесі көбінде таулы аймақ екені белгілі. Мен таулы жерде өстім. Сондықтан, биікке шығу, тау-тастың арасында жүру маған аса қиындық тудырмайтын. Ауғанстанда менің тауда өскенім көп көмектесті. Біздің ротада кейбір жігіттер Ауған жеріндегі тауларды көріп, еріксіз қайран қалып жатты. Тіпті, сарбаздардың арасында тауды бірінші рет көріп тұрғандар да кездесті. Ал біздің алдымызда тауда жүруді былай қойып, биіктікте, құз-жартас пен шатқалдардың арасында соғыс қимылдарын орындауға тура келді. Жалалабад аймағы бізді отты құшағымен қарсы алды. Алғашқы төрт күннің ішінде он келі салмақ тастап жібердік. Үстімізден саулап тер төгілгенде бір-ақ сәтте жіптіктей болып сылынып түстік. Ыстық тастың үстімен жүгіргенде табанымыз балқып, күйіп қалатын. Мұндағы ыстық ауа райы мен ылғалдылық бейімделуде көптеген қиындық тудырды. Тау басындағы ылғалдылық салдарынан жуылған киімдеріміз кеппейтін. Таңертеңгісін киген киімдеріміз дымқыл болып тұратын. Бірақ ылғалдың да көмегі бар еді. Аптап ыстықта салқындық беретін. Кейін бұл тығырықтан да шығатын жолды таптық. Іш киімдерімізді танкінің ыстық теміріне жайып, кептіретін әдіс таптық. Аптап күндері дымқыл жамылғыларды оранып алатын болдық.

Жалалабад аймағы Гүлбеддин Хекматиардың Ауғанстан Ислам партиясы арқылы қадағаланатын. Бұл маңда біз әскери борышымызды өтеген жылдары Юнус Халес есімді жергілікті дөкейдің де дәурені жүріп тұратын. Мен ротаға жүргізуші мамандығы бойынша келдім. Алайда бос автокөліктердің жоқтығынан (бәлкім, басқа да себептер бар шығар) мен жүргізуші бола алмадым. Маған жарты жыл шамасында байланысшы болуға тура келді.

Жасыратын несі бар, біздің арамызда әскери әлімжеттік оқиғалары да кездесті. Бірақ кейде бұлай жасаудың да тиімді тұстары болды ма деген ойға қаламын. Себебі, қатаң әскери тәртіп бізді көп нәрсеге үйретті. Әрбір жауынгер ең қиын сәтте бір-бірін тастамауды, бұйрықтарды бұлжытпай орындауды меңгерді. Ең қиын сәтте жауынгерлерге деген сенім артты. Ал тәртіпке бағынбай, қиыс кеткендерді тыныш бөлімдерге ауыстыра салатын. Мәселен, қойманы күзетуге көбінде алдыңғы шепте сенімсіздік танытқандар жіберілетін. Бірақ: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!» – деген ұранымыз болды. Бір сарбаз қателік жіберсе, сонымен бірге шақырылған барлық қаруластары жазаға тартылатын. Әскерилер өте ұйымшыл едік. Достық қарым-қатынасымыз да күн өткен сайын нығая түсті. Осындай сенімді жігіттерді, қайсар, жауапкершілігі мол жауынгерлерді мен әрқашан мақтан тұтамын.

Жарты жыл өткен соң маған «ЗИЛ-131» маркалы жүк көлігі бөлінді. Дәл осы көлікпен мен Ауғанстан жеріндегі 6 ірі әскери операцияға қатыстым. Талай рет атыстың бел ортасынан аман шықтым. Оның ішінде, гранатометтің де, автоматтың да нысанасынан аман қалыппын. Тағдырдың жазғаны шығар, ешқандай оққа ілікпедім. Көлігім де бүтін болды. Мина басып кету сияқты қайғылы оқиғаларды күнде еститінбіз, көзімізбен көрген кез де аз емес. Шамамен бір жылдан кейін ротаның техникалық құралдар бойынша орынбасары, прапорщик Протасов шақырып алып, Танил Катиков есімді қарулас серігіммен бірге іссапарға шығатынымды мәлімдейді. Бірақ ешқандай көлік берілмейтінін айтады. Сөйтсек, біз Хайратон деп аталатын жерде әскери қоймаға барады екенбіз. Онда УРАЛ-43202 маркалы жаңа көлікті тізгіндеп қайттық.  Бұл автомобиль әскерилер арасында «Наташка» деп аталып кеткен. «Наташка» менің сенімді серігіме айналды. Мен осы көлікпен Ауғанстанның төрт тарабын түгел араладым десем қателеспеймін. Әскери бөлімдерге жүктер тасыдым. Әрине, жүк тасымалы кезінде түрлі қиындықтармен бетпе-бет келдім. Атыс-шабыстың ортасына түсіп қалдым. Зулаған оқ, жарылған гранаталардың арасымен көлік жүргіздім. Басқа машиналарды сүйреген кезім де болды. Әйгілі Саланг туннелінде кептелісте тұрып қалғанымды қалай ұмытайын?! Бұл туннелдің ұзындығы 4200 метрді құрайтын. Оның үстіне қанды жер еді. Мұнда бір кездері төрт полк шыға алмай қалғандығы айтылатын. Бірақ «Наташкам» мені жерге қаратқан жоқ. Жолда қалдырмай, талай қиындықтан алып шықты. Осы көлікпен Кеңес одағына қайтып оралдым. Термез қаласында қош айтыстым.

Әскери борышымды өтеп жүрген жылдарымнан бір мысал келтірейін. Жүкті тиеуге шамамен жарты сағат кететін. Өткізу, қабылдау, хаттама, қол қою, тіпті, саусақ іздерін алу сияқты талаптары болатын. Қоймадан қажетті заттарымызды тиеп, дереу кері қайтатынбыз. Кезекті бір сапарымызда Саланг асуында кептеліс болды. Комендант көлік колоннасын тоқтатып, алдымызда соғыс жүріп жатқанын ескертті. Мен әдеттегідей Танилмен біргемін. Ол да мен сияқты «Наташканы» жүргізетін. Әр аялдамаға аман жеткенімізге қуанамыз. Танил біздің ротаның екінші көлігін жүргізетін. Сапардың бәрінде қауіпсіздік мақсатында екеуміз қосақталып, бір-бірімізден қалыспаймыз.

Жолда түрлі жағдай болады. Аз уақытқа аялдаймыз деп кейде тәуліктеп тұрып қаламыз. Мұндай кезде уақыт жылжымай қояды. Жан-жағымыз қауіп-қатерге толы. Белгісіз қыстақтар, жатаған үйлер. Сөйтіп, ымырт үйіріледі. Біз қорғансыз қалғандай күй кешеміз. Қыста жол көк мұз, жазда аптап ыстық. Бұйрық талқылауға жатпайды. Тоқтама деп пәрмен берілсе, қауіпке қарамай, алға жылжимыз. Тау бөктерлеп, құз-жартастарды жағалап, биіктеген сайын күн де суыта түседі. Жүк көлігі тайғанақтап, кейде ырқымызға бағынбай қояды. Көктайғақтың кесірінен кейде көліктегі жүктерді түсіруге тура келеді. Оның ішінде, қару-жарақ та көп. Жол бойында, суықта қаруды абайлап түсірудің өзі қиямет-қайым. Зенит қаруын көліктен алып, жерге қоюдың өзі ерлікпен пара-пар істің бірі еді.

Таудың жолы иір-қиыр, бір шетіміз шыңырау, тұңғиық, бір шетіміз елсіз дала. Рөлді сәл қиыс бұрып жіберсең, шыңырауға кеткенің. Өрлеу қандай қиындық тудырса, еңіске қарай ылдилайтын жолдар тіптен қауіпті. Бірде оңға қарай бұрылыста менің «Уралым» аяқасты сырғанай жөнелді. Көктайғақта үлкен әрі биік дөңгелектің өзі көмектеспейді екен. Мұндай сәтте санаулы секундта шешім шығарып үлгеруің керек. Көлік ырқыңа көнбей кетсе, кабинаны ашып, секіріп кеткен жөн. Мен көлігімді бағындыруға кірістім. «Уралым» сырғанап, жол учаскесінен шығып, шыңырауға қарай тартып әкетті. Бірақ Құдай сақтап, қалың омбы қардың үстінде тұрды қалды. Мен жалма-жан көлікті ең төменгі беріліске салып, газдың педалін баяу басып көремін. Алты дөңгелек те айналып тұр, көлік қозғалар емес. Бірнеше рет көлікті қозғамаққа әрекеттендім, бірақ онымнан түк шықпады. Тау қойнауында аязда жалғыз қалу өліммен тең. Қайткенде мына омбы қардан шығуды ойладым.

Басыма неше түрлі ой келіп жатыр. Дөңгелектің астына киім-кешек, неше түрлі бұйымдарды төсемекші боламын. Бортты бөліп тастауды да тиімді нұсқа ретінде қарастырдым. Ашуым келгеннен аяғымның астындағы тежегіш кранын тепкіледім. Тежегіш краны алюминий цилиндрінен тұрады, оның ішінен әртүрлі бағытқа шығатын қатты түтіктер бар. Мен оны бұрынырақта шаңды жолға шығарда тауып алған едім. Осы жолы сол тапқан затым кәдеге жарады. Әлгі кранды дөңгелектің астына төсеп, газ педалін басып көрдім. Ісім нәтижелі болды. Кран дөңгелек түрпісі мен жердің арасында байланыс орнатты. Сөйтіп, көлікті әзер дегенде жолға шығарып, өз колоннама қосылғаным бар.

Ауған жеріндегі от кешкен жылдарым мәңгі жадымда. Ондай қиын күндер енді қайталанбасын деп тілеймін.

Т.ИБРАИМОВ,

Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор

Қатысты жаңалықтар

KAZENERGY кеңесі: Ақкенженов мұнай өңдеу саласының 2040 жылға дейінгі даму басымдықтарын атады

KAZENERGY кеңесі: Ақкенженов мұнай өңдеу саласының 2040 жылға дейінгі даму басымдықтарын атады

10.12.2025
Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық жасады

Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық жасады

10.12.2025
Қазақстанда телефон алаяқтарына қарсы қорғаныс күшейеді

Қазақстанда телефон алаяқтарына қарсы қорғаныс күшейеді

10.12.2025
Бүгін ӘЧ-де қазақстандық 10 боксшы жартылай финалға жолдама үшін айқасады

Бүгін ӘЧ-де қазақстандық 10 боксшы жартылай финалға жолдама үшін айқасады

10.12.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. «ЖЕТІСУ» АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. «ЖЕТІСУ» АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

10.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.