Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа Конституцияда меншік нысандарының анықтамасы барынша нақтылануы мүмкін

10 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Жаңа Конституцияда меншік нысандарының анықтамасы барынша нақтылануы мүмкін

akzhol.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Қазақстанның жаңа Конституциясында меншік нысандарын барынша нақтылап бекіту қажеттігін алға тартты. Ол бұл бастамасын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Азат Перуашевтің айтуынша, меншік институтының мәртебесі елдің инвестициялық тартымдылығы мен бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Қолданыстағы Ата заңда меншіктің тек екі түрі – мемлекеттік және жеке меншік қана көрсетілген. Алайда қазіргі заманғы экономикалық үдерістер мен халықаралық тәжірибе бұл тізімнің әлдеқайда кең екенін көрсетеді.

Мәселен, Финляндия, Литва, Латвия және Әзірбайжан сияқты елдерде мемлекеттік және жеке меншіктен бөлек муниципалдық меншік ұғымы бекітілген. Ал Қытай мен Бразилия конституцияларында ұжымдық немесе кооперативтік меншік нысандарына ерекше орын берілген. Кейбір дамыған елдерде тіпті жария қор нарығындағы компаниялардың меншігі де жеке қарастырылады.

Депутат бүгінгі нарықтық қатынастар қосымша меншік түрлерін анықтауды талап ететінін жеткізді. Оның ішінде мынадай нысандар бар:

  • Муниципалдық меншік;

  • Кондоминиумдар мен ПИК мүлкі;

  • Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің (АШӨК) активтері;

  • Цифрлық меншіктің жаңа нысандары.

«Кооператив бүгінде Азаматтық кодексте айтылғандай жеке меншіктің қарапайым жиынтығы ма? Пайшылар мен латифундистер арасындағы көпжылдық даулар бұл мәселенің заңнамалық тұрғыда әлі де толық пысықталмағанын дәлелдейді», – деп атап өтті халық қалаулысы.

Азат Перуашев индустрия мен креативті экономиканың қарқынды дамуын ескере отырып, Конституцияның 8-бабы 1-тармағын жаңа редакцияда жазуды ұсынды: «Қазақстан Республикасында меншіктің барлық нысандары танылады, кепілдендіріледі және тең дәрежеде қорғалады».

Бұл түзету тек екі түрлі меншікпен шектелмей, экономикалық айналымға қоғам мен мемлекеттің барлық ресурстарын кеңінен тартуға жол ашпақ. Мұндай қадам монополияға қарсы іс-қимылды күшейтіп, нарықтағы еркін бәсекелестікті ынталандырады.

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.