Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарға маңызды құлаққағыс жасады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Смартфон сатып алмас бұрын IMEI кодын тексеріңіз! Бұл сіздің құрылғыңыз заңды түрде тіркелгеніне және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі», — деп жазылған хабарламада.
IMEI кодты *#06# арқылы немесе құрылғының қорабынан, корпустан табуға болады.
«Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған телефон сатып алудан аулақ болыңыз», — деп жазылған хабарламада.





