Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жанарбек Әшімжан: «Мемлекет басшысының бағыты – ұлт болашағының кепілі»

10 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
Жанарбек Әшімжан: «Мемлекет басшысының бағыты – ұлт болашағының кепілі»

Фото: parlam.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Turkistan» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты бүгінгі қоғамның жай-күйін саралап қана қоймай, ел дамуының алдағы кезеңіне арналған нақты бағдар мен жауапкершілігі зор міндеттерді айқындап берген мазмұнды әрі маңызды саяси құжат болды.

Президент өз сөзінде алдағы кезеңде жүзеге асатын реформалардың басты бағыттарына тоқталып, олардың негізгі мақсаты әділетті мемлекет, инклюзивті экономика және жауапты қоғам қалыптастыру екенін айқын атапты.

«Реформа үшін реформа жасалмайды» деген ұстанымды алға тарта отырып, барлық өзгерістердің түпкі нәтижесі халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін нақты жеткізді.

Сұхбатта Мемлекет басшысы ерекше мән берген бағыттардың бірі – әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндік екені айқын көрінеді. Бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайту, табысты әділ бөлу, әлеуметтік саясаттың нақты мұқтаж азаматтарға жетуін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеті екенін Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты атап өтті.

Аңғарып қарағанға бұл халықтың ең өзекті сұраныстарына берілген шынайы әрі батыл жауап.

Президент білім мен ғылымды, мәдениет пен руханиятты ұлттың ұзақмерзімді дамуының өзегі ретінде қарастырады. Ұлт сапасы тек экономикалық өсіммен өлшенбейді, ол ең алдымен адам капиталының деңгейімен, тәрбиелі, білімді әрі жауапкершілігі жоғары азаматтармен айқындалатынын әрбір саналы азаматтың жадында бекіте түсті.

Сонымен қатар білім мен руханиятты жаңа арнаға бұру үшін мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру стратегиялық басымдық болып қала беретінін де тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы заң үстемдігі, әділ сот жүйесі, жемқорлықпен жүйелі күрес мәселелеріне де айрықша тоқталып, мемлекет тек талап қоятын ғана емес, заң алдында өзі де жауап беретін құрылымға айналуы тиіс деген келелі ой айтты.

Біле білгенге бұл ел азаматтарының мемлекетке деген сенімін арттырудың негізгі алғышарты екені анық.

Сұхбатта өңірлердің тең дамуы, ауылды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері де кеңінен қамтылған.

Алматы облысынан сайланған депутат ретінде бұл бағыттағы бастамалардың өңірлердің әлеуетін толық пайдалану, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту мақсатында жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанына куә болып жүрміз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық диалог пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын ерекше атап өтіп, Жаңа Қазақстанды тек билік емес, бүкіл халық болып бірлесе құру қажет екенін нақты айтты. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, реформалардың белсенді қатысушысына айналуы тиіс деген маңызды үндеу жасалды.

Қорыта айтқанда, уақыт кестесі тығыз Мемлекет басшысының мерзімді басылымға берген бұл сұхбаты жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанның айқын келбетін, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін және ортақ мақсатқа негізделген даму философиясын көрсететін маңызды саяси мәлімдеме болды.

Президент белгілеген бағыт елдің тұрақты дамуы мен ұлт болашағына бастайтын сара жол. Осы жолда бірлесе еңбек ету баршамыздың азаматтық борышымыз.

Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру, мәдениет пен білім саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру біздің де басты міндетіміз болмақ.

Жанарбек Әшімжан,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.