7-su.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, 18 тамыз дүйсенбі күні еліміздің барлық өңірінде ауа райы тұрақсыз болмақ.
Астана, Алматы қалаларында және 16 облыста найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және желдің күшеюі күтіледі. Кей аймақтарда тұман түсіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Солтүстік және шығыс өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашынмен қатар бұршақ жаууы ықтимал.
Орталық және оңтүстік өңірлер – Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында найзағай күтіледі.
Батыс аймақтарда, әсіресе Маңғыстау облысында шаңды дауыл болжануда.
Сонымен қатар Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстарында ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты өрт қаупі өте жоғары күйінде қалып отыр.





