Талдықорған: +22°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жарқыра, жарық жұлдыздар!

Музыка – баланың жүрегіне жол табатын, ең әсерлі, эмоционалдық және тәрбиелік қуаты мол өнер. Әрбір баланың ішкі әлеміндегі нәзік пернені дөп табатын бұл өнердің тәрбиелік әлеуетін терең сезінген шығармашыл ұстаздар – болашақ өнер иелерін тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек етіп келеді. Ең бастысы жас өнерпаздар шырқаған әсем ән тыңдарманның жүрегінен орын алуда. Құлақтан кіріп, бойды алған әсем әнді өз нақышына келтіріп шырқаған «Унисон» вокалдық тобын ерекше атап өтуге болады.

02.11.2025
КҮНДЕРЕК
Жарқыра, жарық жұлдыздар!
WhatsAppTelegramFacebook

«Унисон» тобы жай ғана вокалдық үйірме емес. Бұл – өскелең ұрпақтың ішкі жан дүниесін байытып, ән арқылы туған жерге, ұлтқа, өнерге деген сүйіспеншілікті оятатын рухани мектеп. «Унисон» сөзі музыкалық термин ретінде үйлесім, үндестік деген мағынаны білдіреді. Атауы мен шығармашылық болмысы да үйлескен бұл ұжым түрлі деңгейдегі байқаудың жеңімпазы атанған.

Музыка – баланың дамуына серпін береді. Құдіретті өнер есту, ойлау, қиял, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерді де дамытады. «Унисон» тобының вокалдық сабақтары балалардың интонациялық есту қабілетін қалыптастырып қана қоймай, оларды сахна мәдениетіне, бірлесе ән айту әдебіне, эмоциялық әсермен орындауға тәрбиелейді.

Топ мүшелері концерттік қойылымдар мен байқауларға жиі қатысып, туған өлкенің музыкалық мұрасымен танысып, ұлттық өнерге бір табан жақындай түседі. Бұл – нағыз патриоттық тәрбие мен рухани дамудың алтын кілті.

«Унисон» тобы жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтар болсақ, биыл «Жарқын Болашақ» республикалық байқауына қатысып, көпшіліктің арасынан топ жарып, бас жүлдеге ие болды. 2024 жылы «Golden Star» халық-аралық байқауының да үздігі атанды. «Әр бала – Жұлдыз» халықаралық байқауында І орын, 2022-2023 жылдары «Жарық жұлдыз», «Жас талант», «ZHULDYZ ART», «ART BAITEREK», «Дала сазы» байқауларынан да олжасыз оралған емес. 2019-2020 жылдары өнерлі өрендер «Ұлы дала ұрпақтары», «Нұрлы жастар», «Бейбітшілік әлемі», «Премия нового формата» байқауларында бас жүлдені қанжығаларына байлаған. Әсем әндерді тамылжыта орындайтын жеке орындаушылар Ақбота Әсет, Мүбина Нұрқасым, Сәкен Қорлыбаев, Аяна Тілеуберлі, Азия Жұмабай және басқа да дарынды балалар – халықаралық, республикалық деңгейдегі марапат иелері. Аты аталған өнерпаздар қазақтың есті әндерін орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленуде.

Жоғарыда атаған жетістік тек қана ұстаз бен шәкірттің табанды еңбегімен, рухани тәрбие мен музыкалық шеберлігімен, ақ адал еңбекпен келген ұлы жеңістер. Олардың алдында әлі талай бағындырар белес көп. Соған жету жолында тынымсыз еңбек етуде.

«Унисон» тобының осы жетістігінің артында балалармен жан-тәнімен жұмыс істейтін, шығармашылық шабытпен бағыт беретін ұстаздың ерен еңбегі тұр. Самал Сабитова баланың дауыс мүмкіндігін ашумен қатар, оның адамгершілік, ұқыптылық, сахнада өзін ұстау мәдениетін де тәрбиелейді. Әсіресе, бүгінгідей жаһандану заманында жас ұрпақты ұлттық құндылықпен, қазақы салт-дәстүрмен сусындатып, рухты тұлғаларды тәрбиелеу де ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да «Унисон» – тек ән үйірмесі ғана емес, тұлға қалыптастыру орталығы десек артық айтқандық болмас.

«Унисон» – үндестік пен үйлесімділіктің, өнер мен тәрбиенің, білім мен сезімнің тоғысқан шығармашылық ұжымы. Бұл топ – талай дарынды баланың шабытына қанат бітіріп, үлкен сахнаға жол ашып келе жатқан шынайы өнер мектебі. Олардың әрбір жетістігі – ұлт өнерінің, балалық арманның, ұстаздық еңбектің жарқын көрінісі. Олай болса, жүректен шыққан әндерімен халықтың қошеметіне бөленген ұжымның жұмысына шығармашылық табыс тілейміз.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.