Талдықорған: +20°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жасыл желекке» жетісулықтар да үн қосты

28.04.2026
КҮНДЕРЕК
«Жасыл желекке» жетісулықтар да үн қосты
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен сенбіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір байланысы арқылы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Жасыл желек» республикалық ағаш егу шарасы өтті. Еліміздің барлық өңірін қамтыған акцияға жетісулықтар да үн қосты.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев көппен бірге акцияға қатысып, жастар ұйымдарының өкілдерімен, эко-белсенділермен бірге ағаш отырғызды. Орталық бассейн алаңында өткен шара барысында 150 түп көшет егілді. Ал көркейту-көгалдандыру жұмысына 1250 тұрғын қатысқан. Оның 400-ге жуығы жастар мен еріктілер. Аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты қалыптастырған игі іс барысында аймақ басшысы өскелең ұрпақпен дидарласып, пайымды әңгімесін таразылады.

– Қазір жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік мол. Болашақтың табалдырығы бүгіннен басталады. Осы кез білімділер мен білімге құштарлардың заманы. ХХІ ғасырдағы адамзаттың ақыл-ойының жемісі саналатын гаджеттердің анағұрлым пайдалы, адамды дамытуға бағытталған, тұрмысты қолайлы етер тұсын пайдалану қажет. Мағжан сенген жастар уақытын тіл үйренуге, ІТ технология, сандық әлемді меңгеруге жұмсаса, елімізді келелі келешек тосып тұр, – деді облыс әкімі.

Телекөпір барысында елорда төрінде елді мекендерді тазарту мен экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның барлық өңірінен 20 ерікті Мемлекет басшысы қолынан алғыс арқалады. Олардың қатарында жетісулық, «KazEcoPatrol» қоғамдық бірлестігінің волонтері Давид Виргки де бар. Жерлестерінің марапат тұғырынан көрінуі өңір жастарын шабыттандырса керек. Мәселен, №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Рысмолда, Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлектері Виктория Великовская мен Анастасия Лапаева жерлес жетістігі қанаттандырғанын жасырмады.

Ал Жетісу университетінің 2-курс студенті Гүлназ Жүнісбек әрбір адам қоғамдық жұмысқа белсене араласу арқылы қоршаған ортаны гүлдендіретінін алға тартты.

– Телекөпір барысында Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары біртұтас құндылықтар жүйесін құрайды және қоғамдық өмірде берік орнығуы тиіс. Бұл бастамаларды кеңінен насихаттауға танымал және беделді азаматтарды белсенді тарту қажет. Ал осы идеяның негізгі насихатшылары – жастар», – дегенді айтты. Әрине, жастар қоғамның қозғаушы күші. Маңайымызға қамқорлықпен қарауға үйренуіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын. Мұндай шаралар жастардың ауызбірлігін нығайтады. Бізге қажеттісі де сол бірлік, – деді шараға қатысушы.

Жалпы, акцияға 15 мыңнан аса тұрғын қатысып, 125 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шара барысында 8 мыңнан аса көшет отырғызылды.

***

Ақсу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, кең көлемді сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында Бүйен өзенінің жағалауын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Аталған өзен Ақсу ауданындағы Арасан, Суықсай, Қарашілік және Б. Сырттанов ауылдық округтерінің аумағы арқылы өтетіндіктен, тазалық шарасына осы округтердің тұрғындары белсенді қатысты.

Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары, еріктілер, мекеме қызметкерлері, жастар және белсенді азаматтар жұмылдырылды. Жалпы акцияға 300-ден астам адам қатысып, 5 арнайы техника жегілді. Нәтижесінде Бүйен өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай экологиялық шара «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да өтті. Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Көктемнің жайма-шуақ күнінде өткен игі бастамаға мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілер белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 78 адам жұмыла кірісіп, орталық аумағына 21 түп жеміс ағашының көшеттерін, атап айтқанда алма мен алмұрт отырғызды. Бұл тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, сонымен қатар табиғатты аялауға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара.

Ұжым мүшелері мұндай акциялар табиғатқа қамқорлық жасаумен қатар, адамдар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайта түсетінін атап өтті.
Мекеме басшылығының айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілетін шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл бастамалар арқылы экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, мекеме аумағын көркейтуге, жасыл желекті көбейтуге ерекше көңіл бөлінбек.

Бұл шара тек ағаш отырғызумен шектелмей, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Қоршаған ортаны қорғау ісіне серпін беру, табиғатқа жанашырлық көзқарасты нығайту және медицина мекемесінде ем қабылдап жатқан пациенттер мен қызметкерлер үшін жайлы, жасыл орта қалыптастыру мақсатында ақ халаттылар да бұл шарадан тыс қалмады.

Іс-шара барысында облыстық аурухананың 40-қа жуық қызметкері жұмылып, аумаққа 50 дана қылқан жапырақты көшет отырғызды. Мамандардың айтуынша, қылқан жапырақты ағаштар жыл он екі ай бойы жасыл қалпын сақтап, ауа сапасын жақсартуға микроклиматты реттеуге оң ықпал етеді.

Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Садықов пен аурухана директоры А. Монгол қатысып, ұжыммен бірге көшет отырғызуға атсалысты. Бұл – басшылықтың экологиялық бастамаларға бейжай қарамайтынын, қоғам алдында жауапкершілікті терең сезінетінін көрсететін маңызды белгі.

Жалпы, ағаш отырғызу – табиғатты қорғауға қосылған нақты әрі нәтижелі үлес. Мұндай акциялар тек қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыра түседі. Әсіресе, денсаулық сақтау мекемелері үшін жасыл желек – тек эстетикалық емес, емдік-психологиялық тұрғыдан да аса маңызды фактор.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» науқаны аясындағы бұл бастама жалғасын табады. Ұйымдастырушылар осындай экологиялық шараларды тұрақты түрде өткізіп, өңір тұрғындарын қатыстыруды жоспарлап отыр. Бұл – ел болашағына, келер ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасына бағытталған игі қадамдардың бірі екені сөзсіз.

«Jetіsý»-дың арнаулы тілшілері
Талдықорған – Ақсу

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.