«Қазгидромет» РМК 4 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстардың болжамын жариялады.
Елдің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта жауын-шашынның (жаңбыр, қар) қатты түсуі күтіледі. Тек оңтүстік-батыс және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.
Республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болуы, сондай-ақ желдің күшеюі ықтимал.





