Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2025 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу үшін өтінімдер қабылдайтынын хабарлады.
Өтінімдер Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 1 қабат, 108 кабинетте қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (7282) 32-93-92, 8 708 270 41 29.
Өтінімдер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 15 желтоқсанда аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кеш келген өтінімдер қаралмайды. Сонымен қатар құжаттары толық емес немесе талапқа сай емес кәсіпкерлердің құжаттары қайтарылатыны ескертіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кімдер өтініш бере алады?
Тізілімге енгізілуге үміткер кәсіпкерлер 4 санат бойынша қаралады:
1-санат: халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін кәсіпкерлер
Бұл санатқа жататындар:
-
мүгедектігі бар адамдар;
-
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар;
-
зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (зейнетке шығар алдындағы 5 жыл);
-
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар (29 жасқа дейін);
-
қылмыстық-атқару жүйесінен босатылғандар (60 ай ішінде);
-
пробация қызметінде есепте тұрғандар;
-
баспанасыз адамдар;
-
көпбалалы, аз қамтылған немесе толық емес отбасылар;
-
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері аналар;
-
наркологиялық және психикалық тәуелділіктен оңалтудан өткендер (12 ай ішінде);
-
қандастар.
2-санат: әлеуметтік осал топтардың тауарларын, қызметтерін қолдайтын кәсіпкерлер
Мұнда бірінші санатқа жататын топтардың өнімдерін сатуға және қызметтерін ұсынуға жағдай жасайтын кәсіпкерлер кіреді.
3-санат: әлеуметтік қызмет көрсететін кәсіпкерлер
Олар келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
-
әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
-
күтім, сауықтыру, денсаулық бақылау;
-
психологиялық түзету;
-
мінез-құлық ауытқуларының алдын алу;
-
жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
-
коммуникацияны дамыту, оңалту, әлеуметтік бейімдеу;
-
протездер, ортопедиялық құралдар, медтехника өндіру;
-
мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын ұйымдастыру;
-
қосымша білім беру;
-
инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4-санат: әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлері
Олар:
-
отбасы институтын, ана мен баланы қолдауға арналған қызметтер;
-
мектепке дейінгі, орта, ТжКБ білім беру бағдарламалары;
-
ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау;
-
әлеуметтік қызметкерлерді оқыту;
-
мәдени-ағарту қызметтері;
-
қоршаған ортаны қорғау;
-
гериатриялық және геронтологиялық көмек, СӨС іс-шараларын ұйымдастыру.
Конкурстық құжаттамамен толық https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial?lang=kk сайтында танысуға болады.





