Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

baq.kz

Былтыр өңірде шығарындылардың көлемі 13 мың тоннадан асқан. Дегенмен берілген лимит 45,1 мың тонна болған. 2023 жылы 52 мың тонна бекітілген еді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қалдықтарды жинау жұмыстары артқан

Жетісудың бір байлығы көркем табиғаты, себебі туризмге ден қойған өңірдің туристер үшін экологиялық ахуалы жақсы болғаны маңызды. Бұл сырттан келетін қонақтардың да көңіліне дем беретін үлкен фактор. Бүгінде елімізде ауаның ластануы өзекті мәселеге айналды.

Халықтың салауатты өмірге деген қам-қарекеті дұрыс болмағандықтан, тұмса табиғатты қорғауға тырыспауының салдарынан түрлі жағымсыз жайттар болып тұрады.

Былтыр облыс бойынша экологиялық көрсеткіштер бірнеше маңызды бағыттар бойынша сарапталып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар жүйелі түрде қолға алынды.

Мәселен атмосфераға таралатын зиянды заттар көлемі 13,3 мың тоннаны құрап, жылдық 45,1 мың тонна лимиттен аспады. Бұл өткен жылғы 52,0 мың тоннамен салыстырғанда шекті норманың 13,3%-ға азайғанын көрсетеді. Мұндай төмендеу негізінен өндіріс объектілерінің IV санатқа ауыстырылуымен байланысты. Дегенмен нақты шығарындылар көлемі өткен жылмен шамалас күйінде қалған. Оны жауапты мамандар былайша түсіндіріп берді.

Су айдындарына төгілген ластаушы заттар көлемі 5,1 мың тоннаны құрады. Бұл белгіленген 5,9 мың тонна лимиттің шеңберінде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 10,2 мың тоннаға жеткен болатын. Аталған көрсеткіштің азаюы бірқатар кәсіпорындардың экологиялық рұқсаттарының күшін жоюымен және «Қазводхоз» мекемесінің санат ауыстыруымен байланысты. 2024 жылы қалдықтарды көмуге берілген жылдық лимит 5 125,8 мың тоннаға дейін артты. 2023 жылы – 1160,2 мың тонна болған. Бұл өсім 341%-ды құрап отыр. Мұндай айтарлықтай өсімге «STS-Astana NS» және «Талдықорған Көркейту» серіктестіктеріне берілген жаңа экологиялық рұқсаттар негіз болды. Алайда, нақты көмілген қалдық көлемі 104,2 мың тоннаға тең болып, 3%-ға азайған. Бұл көрсеткіш кейбір кәсіпорындардың, атап айтқанда, «KazSilicon» және «STS-Astana NS» ЖШС-нің қызметін уақытша тоқтатуы салдарынан төмендеді, — дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерасыл Бекжанов.

Оның айтуынша, қалдықтарды жинау көлемі де өскен екен. Нақты көрсеткіш – 90,2 мың тонна, ал лимит – 237,7 мың тонна. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 161,0 мың тоннаға, яки 47%-ға артқан. Бұл өзгеріс жаңа рұқсат жүйесіне және жаңа объектілердің іске қосылуына байланысты жасалған.

Жаз бастала салысымен демалушылар саны артады. Олардың бәрі бірдей экология заңнамаларын сақтай бермейді. Жауапты мамандар қашанғы арттарынан аңдиды. Әр адам өз елінің патриоты ретінде табиғатпен бірге тіндесе жұмыс істеу керек. Демалып біткен соң, соңында қалған қоқысты мұқият өрте болмаса өзіңмен бірге алып кет. Қалған шірінді заттарды деген жануарлар өліп, өлексе иісінен де түрлі аурулар тарайды. Мұның бәрін ескерген абзал. Алакөл мен Балқаш көлінің жағасы күл-қоқысқа толады. Одан көл қаншама зиян шегіп жатыр. Көлдің ішіне қоқыс тастайтындар да көп. Бұның бәрін қазір заң аясында қадағаласамақ, кецін кеш болады, — дейді Алакөл ауданының тұрғыны Едіге Қойтасов.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 65 млн теңгені құрап, оның 44,7 млн теңгесі немесе 68,8%-ы игерілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,2%-ға аз. I және II санаттағы нысандар өз қаржысы есебінен 351,5 млн теңге бөлуді жоспарлағанымен, есепті кезеңде оның тек 197,2 млн теңгесі, яки 43% жұмсалды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін салық төлемдері көлемі 714,055 млн теңгені құрады. Бұл жылдық жоспардың 106%-ына тең, яғни бюджетке жоспардан тыс түсім қамтамасыз етілген.

Былтыр облыстық экология департаментіне 303 өтінім түскен. Оның 21-і I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсат алуға қатысты болса, 260 өтінім әсер ету скринингі мен әсерді бағалау аясында берілген. Сонымен қатар, экологиялық рұқсаттар бойынша 6 өтінімге оң шешім беріліп, 5 өтінім кері қайтарылған. 260 скрининг өтінімінің 101-і мақұлданса, 108-і кері қайтарылып, 49-ы тапсырыс беруші тарапынан қайтарылған. Мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша 3 өтінімнің екеуі оң нәтиже алды. Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша бастапқы өтінімдер саны – 20, оның ішінде 9-ы мақұлданып, 5-і қайтарылған, 5-і қаралуда. Жалпы, биылғы жылы Департамент тарапынан 234 мемлекеттік қызмет көрсетілді, — дейді облыстық экология департаментінің эколгиялық реттеу бөлімінің басшысы Қарлығаш Омашева.

Облыстық экологиялық бақылау мен табиғатты қорғау бағытында нақты нәтижелер байқалады. Шығарындылар мен төгінділердің төмендеуі, қалдықтарды басқарудағы жүйелі өзгерістер, сондай-ақ экологиялық төлемдер жоспарының орындалуы өңірдегі тұрақты экологиялық саясаттың айғағы. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тиімді жалғасуы тиіс.

Экологиялық бақылау қалай жүргізілді?

Бақылау жүргізу оңай шаруа емес. Мәселен, өткен жылдың бірінші жартыжылдығында аталған департамент өңірдегі экологиялық ахуалды бақылау мақсатында бірқатар кешенді шаралар атқарған. Мемлекеттік бақылау алдын алу, жоспардан тыс тексерулер және ғарыштық мониторинг сияқты негізгі бағыттар бойынша жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2024 жылы Жетісу жерінде 48 нысанға бармай алдын алу бақылауы жасалған. Оның нәтижесінде 13 субъект жоспарлы түрде барып тексерілетін тізімге енгізіліп, тексеру кезінде 35 заңбұзушылық анықталған. Барлық заңбұзушылық бойынша 35 нұсқама беріліп , олардың 20-сы орындалыпты.

Азаматтар мен ұйымдардың шағымдары негізінде 18 жоспардан тыс тексеру тағайындалып, оның 12-сі нақты жүргізілді. Нәтижесінде 25 нұсқама берілді, оның 20-сы орындалды. 23 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. 3 138 200 теңге көлемінде айыппұл салынып, толық көлемде ерікті түрде өндірілді. 6 нысанда тексеру нысанның болмауына немесе қызмет істемеуіне байланысты жүргізілген жоқ. 7 нысанға сәйкестік тексеру жүргізіліп, 14 нұсқама берілді, 7-еуі орындалды. Нәтижесінде 14 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 10 288 779 351 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 2 122 900 теңгесі ерікті түрде өндірілді. Сот шешімімен 3 кәсіпорынға жалпы 13 720 794 теңге айыппұл салынды. Бұл да толық өндірілді, — дейді облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Сәуле Тобаякова.

Жалпы есепті кезеңде экологиялық сараптамасыз немесе рұқсатсыз жұмыс істеген нысандар тіркелген жоқ. Сот шешімімен жойылған немесе ішінара жойылған бақылау нәтижелері де тіркелмеген. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Геопорталы арқылы облыс бойынша 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 229-ы жойылды. Яки, 94%-ға азайды.

Аталған фактілер бойынша экология заңнамасын бұзған 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 664 560 теңге айыппұл салынды. Бұл қарж толықтай өндірілді. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен рейд аясында Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы заңсыз қоқыс үйінділері толық жойылған.

Есепті кезеңде тексерулерді тіркеуден бас тарту фактісі болған жоқ, Департамент әрекетіне қатысты шағым түспеген. Департамент мамандары тарапынан заң бұзушылық тіркелмеген. Экологиялық заңнаманы қолдануда бірқатар қиындықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 1-бөлігіне сәйкес қоршаған ортаға келтірілген залалды есептеу әдістемесі қазіргі уақытта жоқ. Бұрын бұл көрсеткіш Үкіметтің 2007 жылғы №535 қаулысымен реттелетін, алайда 2021 жылғы жаңа Экологиялық кодекске байланысты бұл құжат күшін жойды. Қазіргі таңда нақты құқықтық негіздің болмауы сот процестерінде Департамент мүддесін қорғауға кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар, дәлелдемелер базасын жинау мәселесі де қиындық тудырған, — дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерасыл Бекжанов.

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында экологиялық бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілген. Алдын алу шараларымен қатар, нақты заң бұзушылықтарға жауап ретінде тексерулер мен айыппұлдар тағайындалған. Алайда, заңнамалық олқылықтар мен кейбір әкімшілік кедергілерді жою үшін нормативтік базаны жетілдіру қажеттігі байқалып отыр.

Бүгінде 2023 жылдың соңынан 2025 жылға дейінгі кезеңде бірқатар ірі кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты экологиялық заңнаманы бұзу деректерін анықтап, тексерулер нәтижесінде айыппұлдар салынған. Алайда кейбір істер бойынша қаулылар сот пен жоғары органдар тарапынан өзгеріске ұшырап, бірқатар заңнамалық және процессуалдық қайшылықтар кездескен. Қазір жауапты мамандар жайтты талқылау үстінде.

Айыппұл жойылып, маман жазаланды

Экологиялық бақылау талаптарын орындамағаны үшін 345 мың теңге айыппұл салынғанымен, кәсіпорын бұл шешімге шағымданып, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (ҚР ЭРБК) айыппұлды жойды. Нәтижесінде қаулының күші жойылды. Департамент қызметкері Мөлдір Ахметжановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды Дәл осыған ұқсас негізде «Dostyk Gas Terminal» ЖШС-не де 345 мың теңге айыппұл салынған болатын. Жоғарғы орган бұл шешімді де жарамсыз деп таныды. Нәтижесінде қаулы жойылды. Тағы да жауапкершілік серіктестік басшлығына ескерту берілді.

“Секвойя Плюс” ЖШСда да ірі айыппұл күрт қысқарды. Бастапқыда кәсіпорынға 100 629 927 теңге айыппұл салынды. Жоғары орган Департамент шешімін қолдағанымен сот шешімімен айыппұл 72 381 439 теңгеге дейін төмендетілді. Апелляциялық сатыда бұл сома 1 703 094 теңгеге дейін қысқартылды. Қазіргі жағдайда аталан іс ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық сатысында қаралуда. ҚР Қорғаныс министрлігінің «Сарыөзек аудандық пайдалану бөлімі» РММ – Іс тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеру барысында 379 135 442 теңге көлемінде айыппұл салынғанымен, кәсіпорын сотқа шағым түсіріп, Талдықорған мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қаулының күші жойылды. Іс бойынша өндіріс толық тоқтатылды. Департамент апелляциялық шағым дайындап жатыр, — дейді Қ.Омашева

Тағы бір айта кетерлік жайт, Көксу ауданы әкімдігіне қарасты бөлімде ірі айыппұл заңды күшіне енген. Мәселен «Көксу ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не қатысты іс бойынша 347 742 750 теңге айыппұл салу туралы сот шешімі шықты. Бұл шешімге қарсы шағым немесе өзгеріс туралы мәлімет берілмеген.

Назар аударатын басты жайттар мыналар: бірқатар тексерулер дәлелдеме базасының әлсіздігіне байланысты күшін жойған. Жеке қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазалар қолданылуда; Сот және жоғары орган шешімдерін департаменттің қаулыларын жиі өзгертіп жатыр. Бұл өз кезегінде жүйелі құқықтық және әдістемелік проблемаларды көрсетеді.

Жетісуда үлкен кәсіпорындар санаулы. Алайда еліміздегі ең ауқымды аккумлятор зауыты Талдықорғанда орналасқан. Оның экологияға зиянын әлі ешкім толық зерттеген жоқ. Бұл өте қауіпті үдеріс. Жылына мындаған зиян заттар ауаға ұшады. Осыған дейін экологтар қаншама рет дабыл қақса да ешкім мән бермеді. Дәл осылай жалғаса беретін болса жалпы халық зиян шегеді. Одан кейін өңір жылдан жылға шөлейтті аумаққа айналып барады. Бұл егістіктің көбейгенін көрсеткенімен жерді шөлге ацналдырады. Ал бұл ауаны бұзатын негізгі фактордың бірі, — дейді эколог Ержан Заманбекұлы.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі экологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсеткен. Жыл ішінде жоғары және экстремалды жоғары ластану, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелмеген.

Мамандар алдағы уақытта бей-берекет қоқыс төгетін орындарға бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл тұрғындардың кез келген жерге тұрмыстық қалдықтарын тастауға мүмкіндік бермейді.

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.