Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды. Бүгін Республика күні қарсаңында «Үшарал» автоматты газ тарату станциясында салтанатты іс-шара өтіп, онда жоба аясындағы алты автоматты газ тарату станциясында (АГТС) бір мезгілде көгілдір отын алауы жағылды. Бұл инвестициялық жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құбырының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Жобаны іске асыру барысында 302,4 км газ құбыры тартылды. Сондай-ақ 6 газ құбыры-бұрмасы және «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» 6 автоматты газ тарату станциясы салынды. Жобаның іске асырылуы арқасында Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 80-нен астам елді мекеніндегі 130 мыңнан астам тұрғынға көгілдір отын беріледі. Ол үшін жергілікті жерлерге газ тартудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде, келесі жылдан құрылыс жұмыстары басталады.

Салтанатты іс-шарада жергілікті тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

«Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының мерзімінен бұрын аяқталуына ықпал еткен «QazaqGaz» компаниясына Жетісу облысының тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Біз алдағы уақытта да өңірді газдандыруды әрі қарай жалғастырамыз. Өйткені табиғи газ беру – халықтың өмір сүру деңгейін арттырумен қатар, экономикаға үлкен әсер ететін стратегиялық басымдықтың бірі. Ең алдымен газға аурухана, емхана, мектеп, балабақша, мәдениет үйлері, спорт нысандары секілді әлеуметтік нысандарды қосамыз. Тұрғындардың да көгілдір отынға қосылуына мүмкіндік жасалады. Оған қоса өнеркәсіптің, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады, — деді Б. Исабаев.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев аталған жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталды.

«Самұрық-Қазына» қоры экономиканың түрлі саласында, әсіресе мұнай-газ, энергетика бағытында ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда. Сондай жобалардың бірі – «Талдықорған-Үшарал» газ құбыры. Бұл — өте маңызды жоба. Елге газ келсе, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Экология жақсарады. Өңірге инвестиция құйылады, — деді ол.

Мұнан соң сөз алған «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және инвестициялар жөніндегі орынбасары Акбар Төлегенов жаңа газ құбырының желілік бөлігі мен бір мезгілде қатар салынған АГТС-тің құрылыс жұмыстарының барысы ерекше бақылауда болғанын баса айтты.

Соның нәтижесінде жаңа газ құбыры және барлық 6 АГТС жоспарланған мерзімнен бір жыл төрт айға ерте дайын болды. Осылайша, «QazaqGaz» осы өңірді газдандырудың іргетасын қалап, жұмыстың негізгі көп еңбекті қажет ететін бөлігін орындады. Қазіргі уақытта газ құбырының тарату желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған құжаттар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын күтіп отырмыз, — дей келе Акбар Төлегенов аудан тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, тілегін білдірді.

Осы жиында «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай»  АГТС-тары телекөпір арқылы қосылып, станциялар алауын жақты, соңында «Үшарал» АГТС-ында іске қосу тетігі басылып, алау лаулады.

Шараның ресми бөлігінен кейін облыс әкімі жиналған аудан халқымен тілдесті. Өңірдегі газдандыру, жол жөндеу, тұрғын үй құрылысы, елді мекендерді абаттандыру сияқты атқарылып жатқан маңызды істер жайлы қысқаша баяндап берді. Бұл шаралардың барлығы іс жүзінде халық қолмен ұстап, көзбен көретін нақты шаралардың жемісі екенін айтты. Аудан тұрғындары Сатай Бекболатов, Қоңыржай Қысталасова, Ұлдаш Бипажанова, Ерік Жуанышбаев және басқа да азаматтар пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Солардың бірі Үшарал қаласының тұрғыны Әбен Сақыпов:

1980 жылдан бері Үшаралда тұрамын. Біз осы күнді ұзақ күттік. Алакөл өңірінің қысы қатты, кейде 7-8 айға дейін от жағатын кезіміз болады. Немерелеріміз тоңып қалмасын деп таң бозынан от жағамыз. Бір қыста сегіз тоннаға дейін көмір жағамыз, оған қоса ағаш отын дайындаймыз. Көмір жағып, күлін шығару егде жастағы адамдарға оңай емес. Өзіміз үлкен көшелердің бірінде тұратындықтан, газға алғашқылардың бірі болып қосылуға мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын. Шалғай ауданға газ келгеніне ризамыз, — деді ол.

Жалпы облыста газдандыру ісі өңірде қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, облыс құрылған кезде тек 5 елді мекен газдандырылса (27%), атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде 84 елді мекеннің 404 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді (58,2%). Жыл соңына дейін Панфилов – Кербұлақ – Талдықорған аралығындағы тағы 42 елді мекен газбен қамтылып, газдандыру деңгейі 72% жетеді (126 елді мекен). Ал 2027 жылдың соңына қарай облыста газдандыруға жататын 200-ден астам елді мекеннің 630 мың тұрғыны газға қосылуға мүмкіндік алады (91%).

Қатысты жаңалықтар

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

29.06.2026
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

29.06.2026
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

29.06.2026
Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.