Сарқан ауданында табиғат қорғау полициясы мен Жетісу облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде заңсыз аңшылық фактісі тіркелді.
Сонымен қатар 38 жастағы жергілікті тұрғын өзіне тиесілі аңшылық тегіс ұңғылы қаруды танысына аң аулау үшін бергені анықталды. Полицияның хабарлауынша, қаруды үшінші тұлғаға беру – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін, заңмен қатаң тыйым салынған әрекет.
Дереккөз: Zakon.kz





