Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда ауыл шаруашылық өнімдер жәрмеңкесі өтті

Жетісу облысының орталығында күзгі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Талдықорғандағы Жастар спорт сарайының аумағында ұйымдастырылған саудада өңірдегі Ақсу, Көксу, Алакөл, Кербұлақ, Сарқан, Қаратал, Ескелді, Панфилов аудандары мен Текелі және Талдықорған қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін базарға шығарды.

18 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда ауыл шаруашылық өнімдер жәрмеңкесі өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, аталған сауда сөрелеріне аймақтағы аудан-қалалардан жалпы 100 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілген. Онда күнделікті халық ең көп тұтынатын азық-түліктерден — ет, сүт, құрт, май, қымыз, шұбат, балық, бал және басқа да өнімдер мен жеміс-жидектердің 30-ға жуық түрі бар. Атап айтсақ, мұндағы саудаланған азық-түліктер күнделікті базар бағасынан 10–15 пайызға арзан. Ең бастысы — өнім табиғи әрі таза болуымен құнды. Бұл, біріншіден, қала халқын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік берсе, екіншіден, бағаның беталды шарықтап кетуінің алдын алуға қолайлы.

— Мұндай шаралардың бүгінгідей қымбатшылық қыспағында халыққа пайдасы зор, әрине. Бүгінгі жәрмеңкеде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әкелген өнімдердің бағасы біршама қолжетімді болды. Алайда, өте аз болғандықтан, арзан азық-түлік екінің бірінің қолына тие бермейді. Ал еттің әр келісінің бағасы 3500 теңгеден — бұл бұрын 2000 теңгенің айналасында болған бағамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қорытып айтқанда, қазір арзан нәрсе жоқ. Себебі, жанар-майдың бағасы күн санап өсіп жатыр, — дейді қала тұрғындары.

 

Еске сала кетсек, биылғы жылдың басында Үкімет бензин нарығы еркін айналымға шығады, мемлекеттік шектеу жойылады деп мәлімдеген еді. Сол-ақ екен, бір литрі 205 теңгеден саудаланып келген АИ-92 маркалы бензиннің бағасы күн санап өсіп, әр литрі қазір 241 теңгеге, ал бұрын 230 теңгеден сатылған АИ-95 маркалы жанар-майдың бір литрі 296 теңгеге жетті. Бұл — зат бағасының жаппай қымбаттауымен қатар, жол ақысының да шарықтауына әкеліп соқты.

                                                                                                                            Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Бүгін, 11:05
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Бүгін, 10:30
Ауылдарды газдандыру мен күре жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ауылдарды газдандыру мен күре жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 10:00
Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Бүгін, 09:32
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары

Бүгін, 08:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.