Жетісу облысының Көксу ауданында таулы аймақта аяғын жарақаттап алған жасөспірім құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мәмбет ауылы маңындағы таулы аумақта болған жағдай кезінде жасөспіріммен бірге жүрген әкесі Төтенше жағдайлар қызметіне хабар берген.
Шақырту бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағы жетіп, зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Құтқару операциясы сәтті аяқталды.





