Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда балалар қылмысы көбейген

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында тәртіп бұзу деректерінің артуына байланысты құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары кешенді шаралар қабылдап жатыр.

19.05.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда балалар қылмысы көбейген

автордан

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде ювеналдық полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, 475 рейдтік іс-шара ұйымдастырған. Әсіресе демалыс және мереке күндері бақылау күшейтіліп, тұрғындар арасында ескерту хабарламалары таратылады.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2505 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,3 пайызға жоғары. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүруі. Мұндай 2060 дерек тіркеліп, оларға ілесіп жүрген ересектер ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-аналардың жауапкершілігін арттыру – негізгі басымдықтардың бірі. 2023 жылдың маусым айында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Терезеден құлау деректері – басты назарда

Соңғы жылдары балалардың терезеден құлау деректері қоғамды алаңдатып отыр. Өткен жылы республика бойынша мұндай 223 жағдай тіркеліп, өкінішке қарай, 25 бала көз жұмған. Тағы 198 бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жетісу облысының өзінде 2023 жылы 6 бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Қуантарлығы, адам өлімі болған жоқ.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ринат Тазабековтың мәлімдеуінше, бұл оқиғалар әсіресе 2–7 жас аралығындағы балалар арасында жиі кездеседі. Мұндай жастағы балалар қауіп-қатерді толық түсіне алмайды. Осыған байланысты, ата-аналарға терезеге қорғаныш құрылғыларын орнату, балаларды қараусыз қалдырмау секілді қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі түсіндірілуде.

Жыл басынан бері облыс көлемінде 52 көпқабатты үйде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 587 пәтер қамтылды. 10 билборд орнатылып, 750-ден астам жадынама парақшалары таратылды. WhatsApp топтарында арнайы бейнероликтер мен ескерту хабарламалары таратылып, ата-аналарға қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

«Жанұя» орталығы – әлеуметтік қолдаудың жүйелі үлгісі

Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда, отбасылық тәрбиені күшейтуде әлеуметтік қолдау құрылымдарының да рөлі зор. Осы ретте «Жанұя» отбасын қолдау орталығы (бұрынғы «Жанұя» әлеуметтік орталығы) тиімді қызметімен ерекшеленіп отыр.

2020–2023 жылдар аралығында орталық қызметіне 7197 азамат жүгінген. Оның ішінде 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілсе, 2875 отбасы заңгерлік қолдау алған. Сонымен қатар, 3184 ауызша құқықтық кеңес беріліп, 528 ресми құжат рәсімделген. Заңгерлер 114 жағдайда сот пен мемлекеттік органдарда азаматтардың мүдделерін қорғаған.

2024 жылдың мамыр айында орталықтың атауы өзгеріп, қызмет бағыты сақталған күйде «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ретінде жұмысын жалғастыруда. Жаңа атаумен жұмысын бастаған орталық осы жылдың алғашқы тоқсанында 695 азаматқа 824 түрлі қызмет көрсеткен.

Орталықтың басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету. Қысқа мерзімді оқыту курстары арқылы аналарды кәсіпке баулу – маңызды бағыттардың бірі. Орталық ашылғаннан бері 409 ана тегін оқудан өтіп, кәсіби сертификат алған. Мамандықтар арасында кондитер, аспаз, массажист, шаштараз, визажист, компьютерлік сауаттылық және маникюр-педикюр курстары қамтылған.

Қоғамдық жауапкершілік – басты қағида

Мамандардың пікірінше, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының немесе құтқару қызметтерінің емес, әрбір азаматтың, әрбір ата-ананың ортақ жауапкершілігі.

Бір сәттік немқұрайлылық – орны толмас өкінішке себеп болуы мүмкін. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы алдын алу шараларын күшейту, ата-аналардың санасында сақтық пен жауапкершілік ұғымын орнықтыру – бүгінгі күннің өзекті міндеті болып қала бермек.

Қатысты жаңалықтар

Тарихпен тілдесті

Тарихпен тілдесті

21.06.2025
Кариялар жыр додасына түсті

Кариялар жыр додасына түсті

21.06.2025
Қызықты бір күн

Қызықты бір күн

21.06.2025
«QAREKET» командасы «Almaty TV Cup» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

«QAREKET» командасы «Almaty TV Cup» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

21.06.2025
Дін өкілдері Абайды ұлықтады

Дін өкілдері Абайды ұлықтады

21.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.