Алматы – Өскемен трассасында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үшарал ауылы маңында кезекшілік жүргізген патрульдік полиция экипажы жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқап, тексеріс жүргізді. Көліктің мемлекеттік нөмірі Қытай Халық Республикасына тиесілі екені анықталды. Ерлі-зайыпты ҚХР азаматтары Семей өңірінен Алматыға бағыт алған.
Тексеру барысында олардың көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жақын маңда көмек көрсету мүмкіндігі болмағаны белгілі болды. Патрульдік инспекторлар Азамат Алмасұлы мен Рымжан Кервен дөңгелекті ауыстырып, көлікті ең жақын шиномонтаж бекетіне дейін жеткізіп берді.
Полицейлердің жедел көмегіне шетелдік азаматтар алғыс білдірді.





