Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда жеті кітап

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген жаңа басылымдардың тұсаукесері өтіп, өңірдің рухани өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.

27.12.2025
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда жеті кітап
WhatsAppTelegramFacebook

Әдеби жиынға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысып, кітаптары оқырманға жол тартқан қаламгерлерге ізгі лебіз білдірді. Өз сөзінде ол бұл бастаманың жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан игі дәстүр екенін атап өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып отырған жоба жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттауға серпін беріп, өңірдің рухани кеңістігін байытып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, жаңа еңбектердің жарық көруі – әдеби орта үшін үлкен қуаныш екенін айтып, авторларды шын жүректен құттықтады.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Ысқабайдың «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Түйсік түйіндері», Анарбай Бұлдыбайдың «Жетісудың жыр дүлдүлі – Бақтыбай Жолбарыс-ұлы», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Нұрила Бектемірованың «Жетісудың қыздары-ай!», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарылқап Бейсенбайұлының «Шоқан» және жас ақын Лида Жанботаның «Ақ бұлақтың сылдыры» Әлия Төлегенованың «Суретшінің кітап әлемі» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Әрбір еңбек мазмұны мен тақырыптық ауқымына қарай оқырманға ой салатын, танымдық әрі тағылымдық құндылығымен ерекшеленеді.

Әдеби кешке қатысқан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ермек Келемсейіт пен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін жаңа басылымдарға ақ жол тіледі. Олар өңір қаламгерлерінің еңбектері ұлттық руханиятқа қосылған салмақты үлес екенін атап өтіп, шығармашылыққа қолдау көрсетудің маңызын тілге тиек етті.

Жиында сөз алған жазушы Нұрила Бектемірова жарық көрген еңбегінің мазмұнына тоқталып, облыс басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, «Жетісудың қыздары-ай!» атты кітапта өңір тарихындағы дара тұлғалы аналардан бастап, актриса Бикен Римова, ақын Қанипа Бұғыбаева, әнші Зейнеп Қойшыбаева секілді өнер мен ғылым жолына саналы ғұмырын арнаған жандардың өмірі мен өнегесі жинақталған. Осы еңбектің баспадан шығуына қолдау көрсеткен облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлына қаламгер ерекше ризашылығын жеткізді.

Мазмұны бай, тағылымы терең бұл басылымдар Жетісу өңірінің әдеби-мәдени тынысын кеңейтіп, оқырман қауымның рухани сұранысын қанағаттандыратын құнды дүниелер қатарына қосылды.

 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.