Талдықорған: +22°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

03.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

aikyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында алдағы жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын. Өңірде қазандықтар мен инженерлік желілер жөнделіп, көмір қоры жасақталуда. Алдын ала жоспар бойынша, биыл тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру 15 қазанға дейін басталуы тиіс,  – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қысқа дайындық аясында өңірдегі 15 қазандық пен 2 турбина жөндеуден өткен. Сондай-ақ 10 шақырым жылу, 55,6 шақырым су және 558 шақырым электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, 52 трансформаторлық қосалқы станция қалыпқа келтірілді.

Әсіресе облыс орталығы Талдықорғанда жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға басымдық берілген. Қаладағы Ілияс Жансүгіров және Біржан сал көшелерінде ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды. Сонымен қатар Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында қуаты сағатына 49 гигакалория болатын жаңа қазандық пен оған қажетті жылу желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін осы аумақтағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңеймек.

Қыс мезгілінде коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуі үшін отын қорын уақытылы жеткізу де маңызды. Облыстағы жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға 300 мың тонна көмір қажет. Ресми мәліметке сәйкес, оның толық көлемі сатып алынғанымен, әзірге 145,6 мың тоннасы жеткізілген. Қолда бар нақты қор 96,4 мың тоннаны құрайды. Қалған көмір бекітілген кестеге сәйкес тасымалданады. Сонымен бірге қазан айынан бастап 6,4 мың тонна мазут жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру, денсаулық сақтау және басқа да бюджеттік мекемелерді отынмен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бұл мақсатта 15,1 мың тонна көмір мен 10,2 миллион литр сұйық отын дайындалған.

Ал облыс тұрғындарының қысқы маусымға көмір қажеттілігі 375 мың тоннаға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта соның 60 пайызы халыққа сатылған. Көмір тұйықтары мен қоймаларда қосымша 27,8 мың тонна отын қоры бар. Демек, тұрғындардың бір бөлігі әлі де қысқа қажетті көмірін сатып алуы керек.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Азамат Бейсбаевтың айтуынша, дайындық жұмыстары белгіленген кестеге сай жалғасуда. Оның мәлімдеуінше, өңірде жылыту маусымын 2026 жылғы 15 қазанға дейін бастау жоспарланған.

Жалпы, Жетісу облысында 23 қазандық пен бір жылу электр орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы 393 шақырымды құрайды. Сонымен қатар 3 957 шақырым су құбыры, 632 шақырым кәріз желісі бар. Электрмен жабдықтау жүйесіне 13,8 мың шақырым электр желісі мен 2 644 трансформаторлық қосалқы станция кіреді.

Биылғы жылыту маусымына дайындыққа қомақты қаражат қарастырылған. Облыстық мәслихаттың мәліметінше, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық пен оны өткізуге бюджеттен 15,7 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өз қаражаты және энергетикалық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 23,5 миллиард теңге көзделген. Бұл қаржы коммуналдық инфрақұрылымды жөндеу және жаңғырту жұмыстарына бағытталған.

Жылу желілерінің тозуын азайту да өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Облыс әкімдігінің бұған дейінгі мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өңірдегі жылу желілерінің тозу деңгейі 45 пайызға дейін төмендеген. Биылғы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткішті 42 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Осылайша, Жетісуда қысқы маусымға дайындықтың негізгі бөлігі орындалғанымен, отынды толық жеткізу және салынып жатқан нысандарды аяқтау жұмыстары әлі жалғасуда. Ендігі маңызды міндет – жылыту маусымын уақытылы бастап қана қоймай, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерді қыс бойы тұрақты жылумен қамтамасыз ету.

Қатысты жаңалықтар

ББасты мақсат – тұғырдан түспеу

ББасты мақсат – тұғырдан түспеу

03.10.2026
Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

03.10.2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

03.10.2026
Радиациялық қауіпсіздікті бақылайтын жаңа орталық ашылды

Радиациялық қауіпсіздікті бақылайтын жаңа орталық ашылды

03.10.2026
Қорғаныс саласында ауқымды кадрлық өзгерістер

Қорғаныс саласында ауқымды кадрлық өзгерістер

03.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.