Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысына – 3 жыл: заманауи ветпункттердің саны 5-тен 50-ге жетті

29.04.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысына – 3 жыл: заманауи ветпункттердің саны 5-тен 50-ге жетті

Жетісу облысы құрылғанға дейін өңірде жаңа заман талабына сай салынған 5 ветеринарлық пункт болса, бүгінгі күні олардың саны 50-ге жетті, соның 49-ы – ветпункт, 1-еуі – ветстанция. Ал биыл тағы 17 ветпункт пен 3 ветстанция салу жоспарланып отыр. Сөйтіп, келесі жылы өңірде ветернинарлық пункттер жетіспеушілігі мәселесі толықтай шешіледі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аталған саланың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, ветеринария қызметінің мамандарына жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалды.

Атап айтқанда, облыс құрылғаннан бері 45 арнайы автокөлік, 217 компьютер, 238 планшет, және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл тағы 22 арнайы техника сатып алынады. Оған қоса сала мамандарының жалақысы да өсті. Мәселен, орташа жалақы ветеринар дәрігерде — 327 мың теңге, фельдшерде – 206 мың теңге, санитарда – 208 мың теңге. 

Облыс аумағында бүгінгі күнгі 2,5 млн бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар, олардың барлығы бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілді.

– Қазір ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорының «ISZH-Mobile» мобильді қосымшасы іске қосылғаннан кейін ветеринар дәрігерлерге планшеттер сатып әперілді. Планшетпен жұмыс істеу біздің жұмысымызды біршама жеңілдетті әрі жеделдетті деуге болады. Үлкен шаруашылықтарды, жеке аулаларды аралау барысында атқарылған жұмыс, яғни малды тіркеу, профилактикалық іс-шаралар, екпе жасау бірден сол жерде планшет арқылы базаға енгізіледі, – дейді «Ветеринарлық пункттері бар Талдықорған қаласының ветеринарлық станциясының» ветеринар дәрігері, осы салада он үш жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Айгерім Бекбосынова.

Жалпы өңірде алдын ала шараларына, соның ішінде заманауи диагностикалық зерттеулерге, екпе жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз ошағының саны 12-ден 4-ке азайтылды. Сонымен қатар 26 көмінді ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасуда.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.