Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады

15 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына қатысу мәселелері, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі Бірлік күні қарсаңында «Бірлік жүгірісі» спорттық жүгіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясының ашылуын тілге тиек етті.

Өткен онжылдықта Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын атап өткен Бейбіт Исабаев ҚХА жүзеге асырылған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тоқталды.

– Өткен жылдан бері өңірде «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді. «Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары аясында облыста аз қамтылған және көп балалы 7 мыңнан астам отбасыға 30 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Ал Қаратал ауданында өткен жылдың қазан айынан бастап кореялық этномәдени орталығының, корейлер облыстық қауымдастығының және «Диаспора мұрасы» республикалық қорының қолдауымен 70 тұрғын үйді табиғи газға тегін қосылды. Онда аз қамтылған отбасылар, қарттар мен жалғызбасты аналар тұрады. Іскер әйелдер кеңесімен және меценаттармен бірлесіп облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерін, қиын өмірлік жағдайға тап болған Аналар үйіндегі, дағдарыс орталықтарындағы әйелдерді қамқорлыққа алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіледі. Мұндай жұмыс Ассамблея өңірдің тұрғындарына қолдау көрсете отырып, бірлік пен келісімді нығайтуға сөзбен емес, іспен үлес қосатынын көрсетеді, – деді аймақ басшысы.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген Жетісу университетінің ректоры Ермек Бүрібаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық орынбасары, «Облыстық орыс орталығының» төрайымы Лариса Котельникова және Ассамблеяның жастар қанатының өкілдері Екатерина Подгорнова мен Молутжан Тохтахунов атқарылған жұмыстар туралы айтып, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспарланған іс-шараларды жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, «Ассамблея жастары» Талдықорған қаласындағы Тіл сарайының жанындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына мерейтойлық датаға арналған қабырға суретінің эскизін дайындап, 30 жылдық аясында түсірілетін көркем фильмнің түсірілімі және тарихи кітап басып шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте облыстың ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктері осы үдерістердің барлығына белсене атсалысуда.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея мен жергілікті атқарушы органдардың тығыз ынтымақтастығы көптеген маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беріп отырғанын айта келе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды.

– Жетісу өңірі құрылғалы бері өңірді газдандыру, тұрғын үй, мектеп, денсаулық сақтау нысаны, ветеринарлық стансы салу, жалпы инфрақұрылымды дамыту мәселелерінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазір алдымызда қаржыландыру көздері анықталған аймақтың алдағы 2-3 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспары бар. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, халықтың назарын ұзақ мерзімді жоспарлардан қарағанда нақты мәселелерді шешуге бағыттауымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы қызмет еткен жылдар ішінде қоғамдық келісімді, бірлік пен тұрақтылықты сақтау мәселелерінде ғана емес, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде де өзінің тиімділігін айқын көрсететін өмірлік маңызды институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына белсенді қатысу арқылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыстағы этномәдени орталықтардың өкілдері алдағы уақытта да өңірдің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін, – деді аймақ Б. Исабаев.

Жиын соңында этномәдени орталықтардың бір топ өкіліне, қоғам қайраткерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жас көшбасшыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медальдары табыс етілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.